Hisense CM4H8BG handleiding
Handleiding
Je bekijkt pagina 143 van 164

KK 23
БАПТАУЛАР
Зауыттық баптау ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРАҒА орындалған. Сіз оны былайша
өзгерте аласыз:
1. «МЕНЮ» (2) сенсорлы түймесін басыңыз, содан кейін сенсорлы
айналдыру түймелерін (5 және 7) «ТЕМПЕРАТУРА» мәзір опциясы
пайда болмайынша басыңыз. Мәзір опциясын «ОК» (9) түймесін
басу арқылы растаңыз.
2. Дисплейде ағымдағы баптау шығады. Сенсорлы айналдыру
түймелерінің (5 және 7) көмегімен басқа температураны таңдаңыз.
Қалаған температураңыз дисплейде бейнеленгенде, таңдауды «ОК»
(9) сенсорлы түймесін басу арқылы растаңыз.
Өшіру уақытын қою
Тапсырмасыз аспап соңғы кофе дайындаған соң 30 минуттан кейін
автоматты өшуге орнатылған. Бұл аралықты өзгерту үшін (120 минуттан
артық емес) мынадай іс-әрекеттерді орындаңыз:
• АВТОМАТТЫ ӨШІРУ УАҚЫТЫ 30 МИНУТ
• АВТОМАТТЫ ӨШІРУ УАҚЫТЫ 1 САҒАТ
• АВТОМАТТЫ ӨШІРУ УАҚЫТЫ 2 САҒАТ
сіз бұл баптауларды былайша өзгерте аласыз:
1. «МЕНЮ» (2) сенсорлы түймесін басыңыз, содан кейін сенсорлы
айналдыру түймелерін (5 және 7) «ВРЕМЯ АВТОМАТИЧЕСКОГО
ОТКЛЮЧЕНИЯ» мәзір опциясы пайда болмайынша басыңыз. Мәзір
опциясын «ОК» (9) түймесін басу арқылы растаңыз.
2. Сенсорлы айналдыру түймелерінің (5 және 7) көмегімен басқа автоматты
өшіру уақытын таңдаңыз. Автоматты өшірудің қалаған уақыты
дисплейде бейнеленгенде, таңдауды «ОК» (9) сенсорлы түймесін басу
арқылы растаңыз.
Қақты кетіру
Дисплейде «ОЧИСТИТЕ НАКИПЬ» жазуы пайда болғанда, аспапты қақтан
тазарту керек.
1. Ыстық суға арналған қондырманы орнатыңыз.
2. «МЕНЮ» (2) сенсорлы түймесін басыңыз, содан кейін сенсорлы
айналдыру түймелерін (5 және 7) «ФУНКЦИЯ ОЧИСТКИ НАКИПИ» мәзір
опциясы пайда болмайынша басыңыз. Мәзір опциясын «ОК» (9) түймесін
басу арқылы растаңыз.
3. Дисплейде «ПОДТВЕРДИТЕ» жазуы шығады.
Таңдауды «ОК» (9) түймесін басу арқылы растаңыз. Қақты кетіру
бағдарламасы іске қосылады.
Дисплейдің жоғарғы жолында «ДОБАВЬТЕ СРЕДСТВО ОТ НАКИПИ»
және «ПОДТВЕРДИТЕ» жазулары кезек-кезек шығады.
4. Бачоктағы суды төгіп, құрылғы қаптамасында көрсетілген нұсқауларды
сақтай отырып, химикат толтырылған шишаның құрамын бачокқа себіңіз,
содан кейін су құйыңыз. Қақты кетіру операцияларын кейіннен орындау
үшін қақты кетіруге арналған сұйықтықты авторландырылған техникалық
қызмет көрсету орталықтарынан сатып алуға болады.
5
2
7
9
Bekijk gratis de handleiding van Hisense CM4H8BG, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.
Productinformatie
| Merk | Hisense |
| Model | CM4H8BG |
| Categorie | Niet gecategoriseerd |
| Taal | Nederlands |
| Grootte | 12983 MB |







