Hisense CM4H8BG handleiding
Handleiding
Je bekijkt pagina 142 van 164

KK 22
БАПТАУЛАР
Су кермектігі
«ОЧИСТИТЕ НАКИПЬ» хабары пайдаланылатын судың құрамында болуы
мүмкін қақтың ең көп мөлшері негізінде есептелген, зауыттық баптаумен
белгіленген уақыт кезеңі ішінде аспап жұмыс істегеннен кейін бейнеленеді.
Қажет болған кезде, аспапты пайдаланылатын судың нақты кермектігі
негізінде бағдарламалау жолымен, қақты кетіру сирегірек жүргізілуі
мүмкін, ал жұмыс істеу кезеңі ұзартылуы мүмкін. Мынадай іс-әрекеттерді
орындаңыз:
1. «Кермектікке жалпы тест» жолағын алыңыз (сіздің
нұсқаулығыңыздың басында орналасқан).
Бірнеше секундқа оны суға батырыңыз. Оны судан шығарып алып,
оның түсі өзгермейінше және қызыл нүктелердің белгілі бір саны
пайда болмайынша, 30 секунд күте тұрыңыз. Мысалы, егер тест
жолағында 3 қызыл нүкте болса, су кермектігінің деңгейі үшін 3 мәнін
орнату керек.
Егер сізде су кермектігін өлшейтін жолақ болмаса, сіз деректерді
төменде кеклтірілген кестеден таба аласыз.
2. «МЕНЮ» (2) сенсорлы түймесін басыңыз, содан кейін сенсорлы
айналдыру түймелерін (5 және 7) «ЖЕСТКОСТЬ ВОДЫ» мәзір
опциясы пайда болмайынша басыңыз. Мәзір опциясын «ОК» (9)
түймесін басу арқылы растаңыз.
3. Дисплейде ағымдағы баптау шығады. Сенсорлы айналдыру
түймелерін (5 және 7) дисплейде қалаған кермектік деңгейі
пайда болмайынша басыңыз. Таңдауды «ОК» сенсорлы түймесін
басу арқылы растаңыз. Енді аспап су кермектігінің нақты
деңгейіне негізделіп, қақты кетіру қажеттілігі туралы ескертуге
бағдарламаланған.
Сіз тұратын аумақтағы су кермектігі туралы ақпаратты жергілікті сумен
қамтамасыз ету қызметінен алуға болады. Төменде келтірілген кесте
сіздің машинаңызға арналған су кермектігінің талап етілетін баптауларын
көрсетеді.
Су кермектігінің
неміс градусы
Су кермектігінің
француз градусы
Машина суының
кермектігі
0 - 6 dH 0 - 11 fH 1
7 - 13 dH 12 - 17 fH 2
14 - 20 dH 18 - 36 fH 3
> 21 dH > 37 fH 4
Кофе температурасын баптау
Сіз температураның үш деңгейінің бірін таңдай аласыз.
Кофе температурасының деңгейлері былайша белгіленеді:
• ТӨМЕН ТЕМПЕРАТУРА
• ОРТАША ТЕМПЕРАТУРА
• ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРА
5
2
7
9
Bekijk gratis de handleiding van Hisense CM4H8BG, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.
Productinformatie
| Merk | Hisense |
| Model | CM4H8BG |
| Categorie | Niet gecategoriseerd |
| Taal | Nederlands |
| Grootte | 12983 MB |







