Hisense CM4H8BG handleiding

164 pagina's
PDF beschikbaar

Handleiding

Je bekijkt pagina 138 van 164
KK 18
ПАЙДАЛАНУ
7. Ыстық су мөлшерлеуішін шешіп алыңыз және сүтке арналған
ыдысты қондырмаға қосыңыз.
8. Сүт құю мөлшерлеуішін орналастырыңыз, содан кейін кофе мен сүт
мөлшерлеуішінің астына үлкен шынаяқ қойыңыз.
9. «ПРИГОТОВЛЕНИЕ КАПУЧИНО» (12) сенсорлы түймесін басыңыз.
Дисплейде «КАПУЧИНО» жазуы пайда болады және бірнеше
секундтан кейін көбіктенген сүт төменде орналасқан шынаяққа
сүт құю мөлшерлеуішінен аға бастайды (құйылу автоматты түрде
тоқтатылады).
10. Аспап кофе дайындап жатыр.
11. Енді капучино дайын. Дәміне қарай қант қосыңыз, қалауыңыз болса,
көбікке какао-ұнтақтың кішігірім мөлшерін себуге болады.
Ескертулер
Капучино дайындау кезінде көбіктенген сүттің немесе кофенің құйылуын
«ПРИГОТОВЛЕНИЕ КАПУЧИНО» (12) сенсорлы түймесін басу арқылы
тоқтатуға болады.
Егер көбіктенген сүтті құю кезінде ыдыста сүт бітіп қалса, ыдысты
шығарып алып, оған сүт құйыңыз. Содан кейін оны орнына қойыңыз да,
капучино дайындауға қайта тапсырыс беру үшін «ПРИГОТОВЛЕНИЕ
КАПУЧИНО» (12) сенсорлы түймесін басыңыз.
Сүтті көпірткенген кезде абсолютті тазалық пен гигиенаны қамтамасыз
ету үшін, капучино дайындағаннан кейін сүтке арналған ыдыстың
қақпағындағы контурларды әрқашан тазартып отырыңыз. Дисплейде
«НАЖМИТЕ CLEAN!» хабары жыпылықтайды.
Ыдысты сүт мөлшерлеуішінің астына орналастырыңыз.
Тазарту функциясын іске қосу үшін, қақпақтағы (N3) «ОЧИСТКА»
түймесін басыңыз да, оны кемінде 5 секунд ұстап тұрыңыз. Аспап
индикация жолының үстінен «ОЧИСТКА» хабарын шығарады.
Индикация жолы тазартудың аяқталғанын толық көрсетпейінше,
«ОЧИСТКА» түймесін жібермеңіз. «ОЧИСТКА» түймесі жіберілгенде,
функция тоқтатылады. Тазартқаннан кейін сүтке арналған ыдысты
шығарыңыз да, оны тоңазытқышқа қойыңыз. Сүтті тоңазытқыштан
тыс жерде 15 минуттан артық қалдырмаған жөн.
Аспап шынаяққа автоматты түрде құйылатын кофенің немесе көбіктенген
сүттің мөлшерін өзгерту үшін «Капучиноға арналған кофе мен сүттің
мөлшерін өзгерту» бөлімінде сипатталғандай жасаңыз.
"Less dense" froth
NO froth
"Denser" froth
frothed milk
regulator
N3

Bekijk gratis de handleiding van Hisense CM4H8BG, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.

Productinformatie

MerkHisense
ModelCM4H8BG
CategorieNiet gecategoriseerd
TaalNederlands
Grootte12983 MB