Hisense CM4H8BG handleiding
Handleiding
Je bekijkt pagina 137 van 164

KK 17
ПАЙДАЛАНУ
Ыстық судың бағдарламаланған мөлшері құйыла салысымен, оның
құйылуы автоматты түрде тоқтатылады. Бірнеше секундтан кейін
дисплейде «ПОДОЖДИТЕ...» жазуы пайда болады. Содан кейін
аспап қайта кофе дайындауға дайын, дисплейде кофенің соңғы
таңдап алынған баптаулары пайда болады.
Ыстық су мөлшерін өзгерту
Тапсырмасыз машина 150 мл ыстық суды автоматты түрде құюға орнатылады.
Бұл мөлшерді өзгерту үшін, мынадай іс-әрекеттер орындаңыз:
1. Су мөлшерлеуішінің астына ыдыс қойыңыз.
2. Мәзірге кіру үшін «МЕНЮ» (2) сенсорлы түймесін басыңыз.
3. Сенсорлы айналдыру түймелерін (5 және 7) дисплейде «ФУНКЦИЯ:
ГОРЯЧАЯ ВОДА» бейнеленбейінше басыңыз.
4. Таңдауды «ОК» (9) сенсорлы түймесін басу арқылы растаңыз.
5. Сенсорлы айналдыру түймелерінің (5 және 7) көмегімен қалаған су
мөлшерін таңдап алыңыз. Индикация жолы таңдап алынған су мөлшерін
көрсетеді.
6. Таңдауды «ОК» (9) сенсорлы түймесін басу арқылы растаңыз (немесе
«ВОЗВРАТ» (3) сенсорлы түймесін басу арқылы операцияның күшін
жойыңыз).
7. Мәзірден шығу үшін «ВОЗВРАТ» (3) сенсорлы түймесін басыңыз.
8. Енді машина жаңа баптаулармен қайта бағдарланған және жұмысқа
дайын.
Капучино дайындау
Кофемашина әдепкі күйінде автоматты түрде стандартты капучино
дайындайтын етіп лайықталған.
1. «КРЕПОСТЬ КОФЕ» (6) сенсорлы түймесін басып, капучино
дайындау үшін пайдаланғыңыз келетін кофе дәмін таңдап алыңыз.
2. Сүтке арналған ыдыстың қақпағын ашыңыз.
3. Ыдысқа әрбір дайындалатын капучино шынаяғына шамамен 100
гр сүт құйыңыз. Ыдыста белгіленген MAX деңгейінен ешқашан асып
кетпеңіз (ол шамамен 750 мл сәйкес келеді). Майсызданған немесе
ішінара майсызданған, тоңазытқыштағы сақтау температурасы бар сүтті
пайдаланған жақсы (шамамен 5 °C).
4. Соратын түтіктің резеңке төсемге дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Содан кейін сүтке арналған ыдыстың қақпағын орнына орнатыңыз.
5. Сүттің шайқалуын реттеуішті (N2) сүтке арналған ыдыстың қақпағында
ойып жазылған «КАПУЧИНО» («CAPPUCCINO») және «КОФЕ ЛАТТЕ»
(«CAFFELATTE») сөздерінің арасына орнатыңыз.
6. Анағұрлым қою көбік алу үшін, көбік мөлшерін «КОФЕ ЛАТТЕ» жазуына
қарай реттеуішті жылжыту арқылы реттеуге болады.
«КАПУЧИНО» жазуына қарай жылжыту азырақ көбікпен қамтамасыз
етеді.
22
1
Bekijk gratis de handleiding van Hisense CM4H8BG, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.
Productinformatie
| Merk | Hisense |
| Model | CM4H8BG |
| Categorie | Niet gecategoriseerd |
| Taal | Nederlands |
| Grootte | 12983 MB |







