Whirlpool WHSD18F013D1 handleiding

80 pagina's
PDF beschikbaar

Handleiding

Je bekijkt pagina 42 van 80
оларды мұздатқыштан алған соң бірден
аузыңызға салмаңыз.
Ашуға болатын желдеткіш қақпағының
ішінде ауа сүзгісін пайдалану мақсатында
жасақталған өнімдердің сүзгісі тоңазытқыш
жұмыс істеп тұрғанда әрқашан орнында
болуы керек.
Мұздату бөліміндегі сұйықтықтар
жарылып кете алатындықтан, әйнек
контейнерлерді бос мұздату бөлімімен
сақтаңыз.
Тамақты желдеткішке (бар болса) кедергі
келтіретіндей етіп қоймаңыз.
Тағамды салғаннан кейін мұздатқыш есігінің
дұрыс жабылғанын тексеріңіз.
Зақымдалған аралық тығыздағыш
мүмкіндігінше дереу ауыстырылуы керек.
Мұздатқыш камераны тек мұздатылған
тағамды сақтау, жас тағамды қатыру және
мұз текшелерін жасау үшін пайдаланыңыз.
Оралмаған тағамды мұздатқыш
камераның ішкі беттеріне тікелей тигізіп
сақтауға болмайды.
C-пентан оқшаулағыш көбікте
көбіктендіретін агент ретінде
пайдаланылады және жанғыш газ болып
табылады.
Құрылғының әртүрлі бөліктерінде әртүрлі
температураларды қамтамасыз ете отырып
белгілі бір типтегі азық-түліктерді сақтауға
жарамды ең жақсы бөліктер төмендегідей:
4 жұлдызды аймақ (****) бөлігінде
температура біркелкі таралатындықтан,
бұл бөлікте азық-түліктерді қоршаған
орта температурасында мұздатуға және
мұздатылған өнімдерді сақтауға болады.
Дүкеннен сатып алынған мұздатылған
өнімдердің орамасында жарамдылық
мерзімі көрсетіліп тұрады. Мұндай
жарамдылық мерзімі сақталатын өнімнің
түрін ескеретіндіктен, ол өнімді сол мерзімге
сай сақтау аса маңызды. Балғын өнімдерді
төмендегідей уақыт ішінде сақтаған жөн:
Ірімшік, ұлулар, балмұздақ, ветчина/шұжық,
сүт, балғын сұйықтықтарды - 1-3 ай; Стейк
немесе жаншылған еттер (сиыр еті, қой еті,
шошқа еті) - 4 ай; Май немесе маргарин,
құс еті (тауық еті, күркетауық еті) - 6 ай;
Жемістер (цитрустардан өзге), қуырылған ет
(сиыр еті, шошқа еті, қой еті) - 8-12 ай.
Екі жұлдызды аймақтағы азық-түліктердің
орамасындағы жарамдылық мерзімін сақтау
керек.
Азық-түліктер бұзылып кетпес үшін,
төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
Есікті ұзақ уақытқа ашып қоятын
болса, құрылғы бөліктеріндегі температура
айтарлықтай көтерілуі мүмкін.
Азық-түлікпен және қолжетімді жерде
орналасқан су ағызу жүйелерімен жанасуы
мүмкін беттерді жиі тазалап тұрыңыз.
Су толтыратын сыйымдылықтар 48 сағат
ішінде пайдаланылмаған болса, оларды
тазалаңыз; егер соңғы 5 күн ішінде
су пайдаланылмаған болса, су құбырына
жалғанған сумен қамту жүйесін жуып
жіберіңіз.
Шикі ет пен балық өзге азық-түліктерге тиіп
және тамып кетпеуі үшін, оларды қолайлы
контейнерлерге салып сақтаңыз.
Мұздатылған өнімдер сақтайтын
екі жұлдызды бөліктерде алдын ала
мұздатылған өнімдерді сақтауға, балмұздақ
пен мұз текшелерін жасап, сақтауға болады.
Балғын өнімдерді бір, екі немесе үш
жұлдызды бөліктерге салып мұздатпаңыз.
Егер тоңазытқыш құрылғы ұзақ уақытқа бос
қалдырылған болса, оны өшіріңіз де, ерітіп,
тазалап, құрғатыңыз, құрылғы іші көгеріп
кетпес үшін есігін ашық қалдырыңыз.
ОРНАТУ
Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы
және орнатуы керек - жарақат алу қатері.
Қорабынан шығарып, орнату үшін қолғап
киіңіз - қолыңызды кесіп алу қатері.
Құрылғыны орнатуды, оның ішінде
сумен жабдықтауды (егер болса), электр
сымдарын жалғауды және жөндеу
жұмыстарын білікті техник маман орындауы
тиіс. Егер пайдаланушы нұсқаулығында атап
көрсетілмеген болса, құрылғының қандай да
бір бөлігін жөндемеңіз және ауыстырмаңыз.
Құрылғы орнатылатын жерге балаларды
жақындатпаңыз. Құрылғыны орамасынан
шығарған соң, оның тасымалдау барысында
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Ақаулар
орын алса, дилерге немесе маңайдағы
тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Құрылғыны орнатқан
соң орамасының қалдықтарын (пластик,
көбікті полистирол т.с.с.) балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтау керек,
әйтпесе олардың тұншығып қалу қаупі бар.
Кез келген орнату жұмысының алдында
құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет,
әйтпесе электр тоғы соғу қатері бар. Орнату
барысында құрылғының қуат сымына нұқсан
келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз, әйтпесе өрт
шығу немесе электр тоғы соғу қатері бар.
Құрылғыны тек орнату жұмысы аяқталған
соң ғана іске қосыңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде, есіктерін
(мысалы, паркет) зақымдап алудан сақ
болыңыз. Құрылғыны салмағын ұстау үшін
еденге немесе жеткілікті қолдау көрсететін
орынға және өлшемі мен қолданысы
үшін жарамды жерге орнатыңыз және

Bekijk gratis de handleiding van Whirlpool WHSD18F013D1, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.

Productinformatie

MerkWhirlpool
ModelWHSD18F013D1
CategorieVriezer
TaalNederlands
Grootte11278 MB