Tefal I-Coach Touch QB9518 handleiding

75 pagina's
PDF beschikbaar

Handleiding

Je bekijkt pagina 27 van 75
5352
KK
Құрылғыны алғаш рет қолданар алдында пайдалану нұсқауларын мұқият
оқып шығып, анықтама үшін қойып қойыңыз: өндіруші құрылғының сәйкесінше
пайдаланылмағаны үшін жауап бермейді.
Бұл құрылғыны физикалық, сезу немесе ойлау қабілеті шектелген, тиісті
тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар оның ішінде балалар( олардың
қауіпсіздігі үшін жауапты адамның бақылауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану туралы нұсқауынсыз қолданбауы керек. Балалардың құрылғымен
ойнамауын қадағалау қажет.
Құрылғының номиналды қуаты ток көзінің шамасына сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз. Дұрыс жасалмаған байланыс кепілдіктің күшін жояды.
Бұл құрылғы 2000 м шамасынан төмен биіктікте, іште және үйде қолдануға
ғана арналған.
Тамақ тиетін бөліктерді бастапқы және жүйелі түрде тазалау, әрі құрылғыны
тазалау және оған техникалық қызмет көрсету туралы ақпаратты пайдалану
нұсақулығынан қараңыз.
Құрылғыны тегіс, таза және құрғақ бетте пайдаланыңыз.
Қолданылмай тұрғанда, құру, бөлшектеу және тазалау алдында құрылғыны
міндетті түрде ток көзінен ажыратыңыз.
Дұрыс істемесе немесе зақымдалған болса, құрылғыны қолданбаңыз.
Өкілетті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз )қызмет көрсету
кітапшасындағы тізімді қараңыз(.
Күнделікті тазалау және тұтынушы атқара алатын жөндеу жұмыстарынан
басқа барлық техникалық қызмет жұмыстарын өкілетті қызмет орталығы
)қызмет көрсету кітапшасындағы тізімді қараңыз( жасауы керек.
Құрылғыны, қуат сымын мен штепсельдік ұшты суға немесе басқа сұйықтыққа
салуға болмайды.
Қуат сымын балалардың қолы жетпейтін, құрылғының ыстық бөліктері, жылу
көздері мен өткір бұрыштардан алшақ жерге қою қажет.
Құрылғыны қуат көзінен ажыратқанда, сымынан тартпаңыз.
Қуат сымы немесе штепсельдік ұшы зақымдалған болса, құрылғыны
пайдалануға болмайды. Қауіпті жағдайдың алдын алу үшін қуат сымын
өкілетті қызмет орталығы )қызмет көрсету кітапшасындағы тізімді қараңыз(
ауыстырып беруі керек.
АСҮЙ КОМБАЙНЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Өз қауіпсіздігіңіз үшін құрылғыңызға арналған және өкілетті қызмет
орталығында сатылатын керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектерді ғана
қолданыңыз.
Есіңізде болсын: құрылғыны дұрыс пайдаланбаудан жарақат алып қалуыңыз
мүмкін.
Араластыру ыдыстарының қалақтары, турау басы, шағын турағыш,
ұнтақтағыш, барабандар, көкөніс кесу дискілері, металл пышақ )үлгіге
байланысты( өте өткір:
Ыдысты ішіндегісінен босату алдында металл пышақты жетегінен алу керек
)үлгіге байланысты(.
Осы бас үшін босату түймесін пайдалану алдында көп функциялы бастың
жоғарғы бөлігінде бекітуге болатын барлық қосалқы құралдарды алу керек.
Қозғалып тұрған бөлшектерді еш уақытта ұстамаңыз және керек-жарақтарды
шешу алдында құрылғы толықтай тоқтағанша күтіңіз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда бұлғауышқа, миксерді немесе илегішке
тимеңіз.
Істеп тұрғанда, құрылғының үстінен ұзын шаш, шарф, мойынтақ, т.б.
салбырап тұрмауы керек.
Құралдарды )қасық, қалақ, т.б.( немесе саусақты, я болмаса, кез келген басқа
затты қақпақ құйғышына, корпусқа және науаға, сонымен бірге, барабан
бөліміне )G1( салмаңыз )қосалқы құралдар үлгіге байланысты(. Тамақты
бағыттау үшін әрқашан қамтамасыз етілген итергішті пайдаланыңыз.
Араластыру тостағанын қақпағынсыз қоспаңыз.
Бір кезде бір-ақ керек-жарақты қолдануға болады.
Араластыру тостағанына қайнап тұрған сұйықтықты )80°C, 176°F шамасынан
жоғары( құюға болмайды.
Ыдыс бос кезде қосалқы құралдардың ешқайсысын пайдаланбаңыз немесе
тек қатты ингредиенттерді араластырмаңыз.
Құрылғы толық тоқтамайынша, қақпақты ашуға болмайды.
Араластыру тостағанын пайдаланғанда, қатты заттардан бұрын
сұйықтықтарды құйыңыз.
Қосалқы құралдарды )қатыру, әзірлеу, зарарсыздандыру, шағын толқындар,
т.б.( ыдыстар ретінде пайдаланбаңыз.
Құрылғыға азық-түліктен басқа заттарды салуға болмайды. Сыртына
ағып кетпеуі үшін тағамды тостағанның ең жоғары деңгейінен немесе
пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген шамадан асырмай салыңыз.

Bekijk gratis de handleiding van Tefal I-Coach Touch QB9518, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.

Productinformatie

MerkTefal
ModelI-Coach Touch QB9518
CategorieNiet gecategoriseerd
TaalNederlands
Grootte4138 MB