Handleiding
Je bekijkt pagina 56 van 151

111110
kk
қоймаңыз (өйткені олар жылу өткізіп,
жарақат алуға себеп болуы мүмкін).
• Құрылғы немесе оның электр сымын
ешқашан суға немесе басқа сұйықтыққа
салуға болмайды.
• Құрылғы зақымдалған немесе тиісті
түрде жұмыс істемесе, қуат сымы немесе
аша зақымдалған болса, құрылғыны
пайдаланбаңыз. Қауіпсіздікті сақтау үшін,
мына бөліктер бекітілген қызмет көрсету
орталығы тарапынан ауыстырылуы қажет.
• Тұтынушы тарапынан орындалатын
қалыпты тазалау және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарынан басқа кез келген
әрекеттерді бекітілген қызмет көрсету
орталығы орындауы тиіс.
• Құрылғы қолданылғаннан кейін ұзақ уақыт
қызып тұратындықтан, оның қызған бетін
ешқашан ұстамаңыз.
• Кардиосимулятор немесе сол сияқты
басқа да медициналық құрылғыларды
пайдаланатын адамдар қуат көзіне
қосылған индукциялық тақтаға
жақындамауы тиіс. Қауіпті жағдайларға
жол бермеу үшін, құрылғыны пайдаланар
алдында дәрігермен кеңесіңіз.
• Ескерту: егер беті сынып қалса, электр
тогының соғуына жол бермеу үшін
құрылғыны өшіріңіз.
• Бұл құрылғы тек үй ішінде пайдалануға арналған. Кәсіби
мақсатта, дұрыс емес пайдаланған немесе нұсқауларды
орындамаған жағдайда, өндіруші жауапты болмайды және
кепілдік қолданылмайды.
• Қауіпсіздігіңіз үшін бұл құрылғы тиісті стандарттар мен
ережелерге сәйкес келеді (төмен кернеу, электрмагниттік
сәйкестік, азық-түлікпен қатынаста болатын материалдар,
қоршаған орта және т.б. жөніндегі директивалар).
• Құрылғы тек айнымалы токпен жұмыс істеуге арналған. Алғаш
рет пайдалану алдында құрылғының деректер тақтасында
көрсетілген кернеудің желідегі кернеумен сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
• Нұсқаудан тыс жолдармен қосу кепілдіктің күшін жояды.
• Құрылғыны әрқашан жерге тұйықталған арнайы розеткаға
қосыңыз. Шамадан тыс электрлік жүктеме мен өрт шығу қаупіне
жол бермеу үшін, розеткаға бір уақытта розетка адаптерін
немесе басқа құрылғыны қоспаңыз.
• Әр түрлі стандарттар қолданылатындықтан, құрылғы сатып
алынған елден басқа елде пайдаланылса, бекітілген қызмет
көрсету орталығында тексертіңіз.
• Бірінші рет пайдалану алдында бүкіл орауыш материалдарын,
стикерлер және қосалқы құралдарды құрылғының ішінен және
сыртынан алып тастаңыз.
• Құрылғы тегіс, тұрақты, ыстыққа төзімді жұмыс бетінде, су
тимейтін жерге орналастырылып пайдаланылуы тиіс.
• Құрылғыны ылғалдылығы жоғары ортаға орналастырмаңыз
және пайдаланбаңыз.
• Индукциялық тақтаны болат немесе алюминийден жасалған
бетке орналастырмаңыз немесе пайдаланбаңыз.
• Тиісінше желдетілуін қамтамасыз ету үшін, құрылғының барлық
жағынан кемінде 10 см (4 дюйм) бос орын қалдырыңыз.
• Құрылғыны ешқашан қабырғаға жақын немесе қабырға
шкафының төменгі жағына орналастырмаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
•
Ескертпе: керамикалық тақта пайдаланылғаннан
кейін ыстық болғандықтан, ұстауға болмайды.
Bekijk gratis de handleiding van Tefal Everyday IH2108, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.
Productinformatie
| Merk | Tefal |
| Model | Everyday IH2108 |
| Categorie | Fornuis |
| Taal | Nederlands |
| Grootte | 10774 MB |
Caratteristiche Prodotto
| Apparaatplaatsing | Aanrecht |
| Soort bediening | Touch |
| Kleur van het product | Zwart |
| Aantal vermogenniveau's | 7 |
| Ingebouwd display | Nee |