Scarlett SC-SM10S53 handleiding

16 pagina's
PDF beschikbaar

Handleiding

Je bekijkt pagina 12 van 16
12
KAZ
IM2024
16. Жұмыс кезінде қозғалтқыш блогының корпусындағы желдеткіш саңылауларды жаппаңыз.
17. Қуат сымын жылу көзінен, майдан және өткір заттардан алыс ұстаңыз.
18. Жеткізу жиынтығына кірмейтін құралдарды пайдаланбаңыз.
19. Құрылғының қозғалатын бөліктерімен немесе алынбалы саптамалармен әрекеттеспес бұрын,
құрылғыны өшіріп, оны электр желісінен ажыратыңыз.
20. Болат тостағанды, ингредиенттерді қосуға арналған тесігі бар қақпақты және шайқауға
арналған шайқағышты қоспағанда, аспапты және оның құрамдас бөліктерін ыдыс жуғыш
машинада жууға тыйым салынады.
21. Аспаптың жылжымалы бөлшектеріне қол тигізбеңіз.
22. Физикалық, сенсорлық қабілеті немесе ақыл-ой қабілеті төмен адамдардың (балаларды қоса
алғанда) аспапты пайдалануына немесе олардың өмірлік тәжірибесі немесе білімі болмаған
жағдайда, егер оларды біреу бақылап отырмаса, немесе олардың қауіпсіздігіне жауапты адам
оларға аспапты пайдалану туралы нұсқау бермесе, олардың аспапты пайдалануына жол
бермеу керек.
23. Бұл құралды 8 жастан асқан балалар, сондай-ақ физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой
қабілеті шектеулі адамдар, егер олар құралды қауіпсіз пайдалану үшін бақылаудан немесе
нұсқаулықтан өткен болса және байланысты қауіптерді түсінсе, қолдана алады. Тазалау
және техникалық қызмет көрсетуді балалар, егер олар 8 жастан аспаса және ересектердің
бақылауында болмаса, жүргізбеуі керек. Құрылғыны және оның сымын 8 жасқа дейінгі
балалардың қолы жетпейтін жерде бірге сақтаңыз.
24. Балаларды олардың аспаппен ойнауына жол бермеу үшін бақылауда ұстау керек.
25. Аспапты өз бетіңізше жөндеуге немесе оның қандай да бір бөлшектерін ауыстыруға
тырыспаңыз. Ақаулықтар анықталған жағдайда жақын жердегі қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
26. Егер бұйым біршама уақыт 0
o
C-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем
дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
27. Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер
етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын
өзінде қалдырады.
28. Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада,
XX.XXXX пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» жасап шығарылған айы, келесі
төрт сан «XXXX» – жасап шығарылған жылы.
МАҚСАТЫ
Планетарлық араластырғыш әртүрлі қамыр илеуге, сондай-ақ кремдерді, мусстарды көпіртуге
және пюрелерді, соустар мен коктейльдерді дайындауға арналған.
ЖҰМЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Барлық қаптау материалын (бар болса) алып тастап, электр аспапты қаптамадан шығарыңыз.
Жиынтықталымын тексеріңіз және механикалық зақымдардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Бұйымның және қуат баусымының тұтастығын тексеріңіз.
Моторлы блокты және негізді құрғақ сүзгімен сүртіңіз.
Табақты, оны алдын ала корпустан алып тастап қақпақты, саптама-күлтені, араластыруға
арналған саптаманы және қамыр илеуге арналған саптаманы жылы суда жуғыш құралмен
жақсылап жуыңыз және құрғатып сүртіңіз.
Электр аспап пайдалануға дайын.
ЖҰМЫС
Саптамаларды орнатпас бұрын аспап желіден ажыратылғанына.
Қозғалтқыш блогын бекіту түймесін басып, қозғалтқыш блогын жоғары қарай еңкейтіңіз.
Тостағанның қақпағын араластырғыш корпусына бекітіңіз, оны жабық құлып белгішесі
бағытында ол сырт еткенше бұраңыз, ал қақпақтағы көрсеткі жабық құлыппен туралануы керек.
Қақпақ оларды өңдеу барысында өнімдердің шашырауынан қорғайды.
Қолайлы саптаманы таңдаңыз.
Ауыстырылатын саптаманы сұққыш саптамадағы ойықтарға түсетіндей етіп бекітілгенше
бұрыңыз.
Саптаманың сенімді бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
Табаққа барлық қажетті ингредиенттерді салыңыз және табақты орнатыңыз.
Табақтағы шығыңқы жерлерді негіздегі ойықтарға сәйкес келтіріңіз және табақты сағат тілі
бойынша бекітілгенше бұрыңыз.
Моторлы блокты бекіту батырмасын басыңыз және оны түсіріңіз.
Айырды розеткаға салып, аспапты желіге қосыңыз.

Bekijk gratis de handleiding van Scarlett SC-SM10S53, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.

Productinformatie

MerkScarlett
ModelSC-SM10S53
CategorieNiet gecategoriseerd
TaalNederlands
Grootte1845 MB