Scarlett SC-EC2000-S1M handleiding
Handleiding
Je bekijkt pagina 17 van 24

IM2025
17
Құрметті сатып алушы!
Сәтті таңдау жасап, осы аспапты сатып алғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Ол Сізге ұзақ
қызмет етеді.
1. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Аспапты пайдалану алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият
танысуыңызды сұраймыз. Бұл пайдалану нұсқаулығында сіздің қауіпсіздігіңізге
қатысты маңызды ақпарат, сондай-ақ аспапты дұрыс пайдалану және оны күтіп ұстау
жөнінде ұсыныстар бар. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты кепілдік талонмен,
кассалық чекпен, мүмкіндігінше картон қорабымен және орау материалымен бірге
сақтаңыз. Сіз сатып алған аспап нұсқаулықта сипатталғаннан өзгеше болуы мүмкін,
бұл оны қолдану мен пайдалану тәсілдеріне әсер етпейді. Өндіруші қосымша
ескертусіз бұйымның конструкциясына оның қауіпсіздігіне, жұмыс қабілеті мен
функционалына түбегейлі әсер етпейтін елеусіз өзгерістер енгізу құқығын өзіне
қалдырады. Осы Нұсқаулықтың мәтінінде және цифрлық белгілерінде елеусіз қателер
жіберілуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Маңызды сақтық шаралары және осы нұсқаулықтағы нұсқаулар кез-келген болуы
мүмкін режимдер мен жағдайларды қамтымайды. Дайындаушы аспап немесе оның
жекелеген бөліктері оны тасымалдау кезінде, дұрыс орнатылмауы нәтижесінде,
кернеу ауытқуы нәтижесінде бүлінген жағдайда, сондай-ақ аспаптың қандай да бір
бөлігі өзгертілген немесе модификацияланған жағдайда жауапты болмайды.
ЕСКЕРТПЕ
Бұйымда аспап туралы барлық қажетті техникалық деректер мен басқа да пайдалы
ақпарат көрсетілген заттаңба бар. Аспапты осы Нұсқаулықта көрсетілген мақсаттарда
ғана пайдаланыңыз.
2. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдалану кезінде бірнеше сақтық шараларын сақтаған жөн. Бұл
қағидаларды ескермеу салдарынан дұрыс пайдаланбау пайдаланушының және басқа
адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, сондай-ақ олардың мүлкіне нұқсан
келтіруге әкеп соқтыруы мүмкін. Өндіруші аспапты дұрыс орнатпау және пайдаланбау
нәтижесінде денсаулыққа келтірілген зиян және мүліктің зақымдалуы үшін жауапты
болмайды.
Қолдану кезінде бұзушылықтарды болдырмас үшін аспапты пайдаланар
алдында бұл нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Бастапқы іске қосар алдында бұйымда көрсетілген техникалық
сипаттамалардың электр желісінің параметрлеріне сәйкестілігін тексеріңіз.
Аспап жерге тұйықтау контактісі бар еуроашасымен жабдықталған. Аша
қалыпты еуророзеткаға сәйкес келіп және оған ешбір ерекше күш салусыз
кіруі тиіс. Егер аша розеткаға кірмесе немесе тығыз кіретін болса, оны
вертикаль бойымен 180 градусқа аударыңыз және тағы да кіргізіп көріңіз. Егер
бұдан кейін де Сіз ашаны розеткаға оңай кіргізе алмасаңыз, розетканы
ауыстыру үшін электрикті шақыртыңыз. Егер аша розеткаға толық кірмесе, еш
уақытта аспапты қолданбаңыз.
Егер оның үстіңгі беті ылғалды (сулы) болса, еш уақытта аспапты электр
желісіне қоспаңыз.
Егер ол сумен жанасуы мүмкін болса, еш уақытта аспапты пайдаланбаңыз.
Bekijk gratis de handleiding van Scarlett SC-EC2000-S1M, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.
Productinformatie
Merk | Scarlett |
Model | SC-EC2000-S1M |
Categorie | Niet gecategoriseerd |
Taal | Nederlands |
Grootte | 2518 MB |