Samsung QE65Q8FAAU handleiding

44 pagina's
PDF beschikbaar

Handleiding

Je bekijkt pagina 20 van 44
Теледидарға жалғанған сымдар мен кабельдерді
оларға кісі сүрініп, тартып қалмайтындай немесе жұлып
алмайтындай етіп өткізіңіз.
Теледидарды ешқашан орнықсыз жерге қоймаңыз.
Теледидарды биік жиһаздың (мысалы, шкафтың немесе
кітап сөресінің) үстіне қойғанда, жиһаз бен теледидарды
қолайлы тіреуге анкермен бекітпей тұрып қоюға
болмайды.
Теледидар мен тіреуіш жиһаздың арасында болуы
мүмкін матаның немесе басқа материалдардың үстіне
теледидарды қоюға болмайды.
Ойыншықтар мен қашықтан басқару пульті сияқты
көтерілуге мәжбүр ететін заттарды теледидардың немесе
теледидар орнатылған жиһаздың үстіне ешқашан
қоймаңыз.
Егер қолданыстағы теледидарды сақтауға қоятын немесе
орнын ауыстыратын болсаңыз, жоғарыдағы шараларды
ескеру қажет.
ТД-ды тазалау немесе орнын ауыстыру үшін жылжытқан
кезде тұрғыны тартпаңыз.
ТД-дың құлап қалуына жол бермеу
: Қабырға анкері (жинаққа кірмейді)
1. Тиісті бұрандалардың көмегімен қапсырмалар жинағын
қабырғаға мықтап бұрап бекітіңіз. Бұрандалардың
қабырғаға мықтап бекітілетініне көз жеткізіңіз.
Қабырғаның түріне байланысты қабырға анкері тәрізді
қосымша зат қажет болуы мүмкін.
2. Тиісті өлшемді бұрандалардың көмегімен қапсырмалар
жинағын теледидарға мықтап бұрап бекітіңіз.
Бұрандалардың техникалық сипаттамаларын,
Қаптамадан шығару және орнату нұсқаулығы
құжатының кестесіндегі стандартты бұранда бөлшегін
қараңыз.
3. ТД-ға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға бекітілген
қапсырмаларды берік сым арқылы жалғап, содан кейін
сымды мықтап байлаңыз.
ТД артқа қарай құлап кетпес үшін қабырғаға жақын
орнатыңыз.
Қабырғаға бекітілген қапсырмалар ТД-ға бекітілген
қапсырмалармен бір деңгейде немесе олардан
төменірек тұру үшін сымды жалғаңыз.
Теледидарды тұғырдың көмегімен орнатқан кездегі
сақтық шаралары
ек The Frame)
Теледидарды тұғырдың көмегімен орнатқан кезде тұғырды
үстелдің артқы бөлігіне қоюға болмайды. Бұлай істемесеңіз
теледидардың астыңғы жағындағы қимыл сенсоры дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
Іс-әрекет
Бұл құрылғы батареямен жұмыс істейді. Сіз тұрған
жерде, осы батареяларды қоқысқа дұрыс тастауды қажет
ететін қоршаған ортаны қорғау ережелері болуы мүмкін.
Ескірген батареяны тастау немесе өңдеуден өткізу туралы
ақпаратты жергілікті мекемеге хабарласып алыңыз.
Аксессуарларды ашықтан басқару пульті, батарея немесе
т.б. ) балалардың қолы жетпейтін қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Құрылғыны құлатып алмаңыз немесе соқпаңыз. Құрылғы
бүлінген болса, қуат сымын суырыңыз да, Samsung қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Пультті немесе батареяларды отқа тастамаңыз.
Батареяларды қысқа тұйықтауға, бөлшектеуге немесе
қатты қыздыруға болмайды.
Экранды қорғау жапсырмасын алып тастағаннан кейін,
полярланған жапсырманы ешқашан алмаңыз.
Қорғау жапсырмасын алып тастау белгілісі табылмаса,
бұл қорғау жапсырмасының әлдеқашан алынып
тасталғанын білдіреді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ Қашықтан басқару пультіндегі
батареялардың орнына сай келмейтін батарея түрін
салсаңыз жарылыс шығуы мүмкін. Батареяның орнына,
дәл осындай батареяны салыңыз.
ЕСКЕРТУ! Өнімнің жанында масаларға қарсы құрал
немесе ауа тазартқыш сияқты химиялық заттары бар
сұйық фумигаторларды қолданбаңыз.
Егер бу өнімнің бетіне тисе немесе оның ішіне енсе,
дақтар немесе ақаулар пайда болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ - ӨРТ ШЫҒУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
ҮШІН ОСЫ ӨНІМДІ МАЙ ШАМ НЕМЕСЕ
БАСҚА АШЫҚ ОТ КӨЗДЕРІНЕН АЛЫС
ҰСТАҢЫЗ.
Қазақ - 4

Bekijk gratis de handleiding van Samsung QE65Q8FAAU, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.

Productinformatie

MerkSamsung
ModelQE65Q8FAAU
CategorieTelevisie
TaalNederlands
Grootte4839 MB