Samsung QE65Q8FAAU handleiding

44 pagina's
PDF beschikbaar

Handleiding

Je bekijkt pagina 18 van 44
Осы Стандартты пайдаланушы
нұсқаулығы оқымастан бұрын
Бұл теледидар осы Стандартты пайдаланушы нұсқаулығы
және ендірілген Пайдаланушы нұсқаулығы құжатымен бірге
беріледі.
(F6***F/H5***F:
> солға бағыттау көрсеткісі >
Параметрлер > Қолдау > Пайдаланушы нұсқаулығын ашу)
(Басқа үлгілер:
> солға бағыттау көрсеткісі >
Параметрлер > Қолдау > Кеңестер мен Пайдаланушы
нұсқаулықтары > Пайдаланушы нұсқаулығын ашу)
Ескерту! Қауіпсіздік туралы
маңызды нұсқаулар
Теледидарды пайдаланар алдында қауіпсіздік нұсқауларын
оқып шығыңыз. Белгілердің түсіндірмесін төмендегі кестеден
қараңыз, олар сіздің Samsung құрылғыңыздағы белгілерден
өзгеше болуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
ЭЛЕКТР ТОҒЫ СОҒУ ҚАТЕРІ АШУҒА БОЛМАЙДЫ
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: ЭЛЕКТР ҚАТЕРІН АЗАЙТУ ҮШІН
ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ҚАҚПАҒЫН) АЛМАҢЫЗ.
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ІШІНДЕ, ПАЙДАЛАНУШЫ ЖӨНДЕЙ
АЛАТЫН ЕШБІР БӨЛШЕК ЖОҚ. ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
БАРЛЫҒЫН БІЛІКТІ МАМАНҒА ТАПСЫРЫҢЫЗ.
Бұл белгіше құрылғының ішінде жоғары
кернеу бар екенін көрсетеді. Осы өнімнің
ішкі бөлшектеріне қол тигізу қауіпті.
Бұл белгі осы құрылғыны іске пайдалануға
және күтіп ұстауға қатысты маңызды
нұсқаулар кітапшасының жинаққа кіргенін
көрсетеді.
II класс өнімі: Бұл таңба құрылғыны жерге
тұйықтау (қосу) арқылы қауіпсіз қосылым
жасаудың қажет емес екенін білдіреді.
Егер мына белгі тоққа қосылатын сымы
бар құрылғыңызда болмаса, құрылғыны
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ жерге қауіпсіз қосу
(тұйықтау) керек.
АТ кернеуі: Осы таңба арқылы белгіленетін
атаулы кернеу – АТ кернеуі.
ТТ кернеуі: Осы таңба арқылы белгіленетін
атаулы кернеу – ТТ кернеуі.
Абай болыңыз. Пайдалану нұсқаулығын
қараңыз: Бұл таңба қауіпсіздікке қатысты
толық ақпаратты Стандартты пайдаланушы
нұсқаулығы қарауды ұсынады.
Қуат
Қабырға розеткаларының, ұзартқыш сымдардың немесе
адаптерлердің кернеуінен және сыйымдылығынан
асатындай күш түсірмеңіз. Ол өрттің шығуына немесе электр
тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Кернеу мен тоқ шамасы туралы ақпаратты осы нұсқаулықтың
қуат сипаттамалары бөлімінен немесе құрылғыдағы қуатпен
жабдықтау жапсырмасынан қараңыз.
Қорек сымдарын аяққа басылмайтын немесе үстіне не қарсы
қойылған заттар жаншып тастамайтын етіп төсеу керек.
Әсіресе қорек сымының ашаға, адаптерге жақын ұшына
және құрылғыдан шыққан жеріне мұқият назар аударыңыз.
Осы құрылғының ашық жерлеріне ешқашан басқа темір зат
сұқпаңыз. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Электр қатеріне ұшырамау үшін, осы құрылғының ішкі
жағын ешқашан қолмен ұстамаңыз. Осы құрылғыны тек
уәкілетті техник ғана ашуға тиіс.
Қорек сымының мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қуат
сымын розеткадан әрқашан ашаның өзінен ұстап ағытыңыз.
Ешқашан қуат сымынан тартып ағытпаңыз. Қорек сымын су
қолмен ұстамаңыз.
Егер осы құрылғы дұрыс жұмыс істемесе - әсіресе, одан
әдеттен тыс шуыл немесе түтін шықса - дереу ашасынан
суырыңыз да, уәкілетті дилерге немесе Samsung жөндеу
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыны найзағай жарқылынан қорғау үшін немесе
қараусыз қалдырғанда не ұзақ уақыт қолданбаған кезде,
ашасынан суырып, антенна немесе кабельдік телевизия
жүйесін ағытыңыз.
Шаң жиналып қалса, электр қатері немесе электр ағысы
пайда болуы немесе өрт шығып, жарқыл немесе қызу
пайда болуы немесе қорек сымының қаптамасы бүлінуі
мүмкін.
Жерге дұрыс қосылған аша мен розетканы ғана
пайдаланыңыз.
Жерге дұрыс тұйықталмаса, электр қатері орын алуы
немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін. (l-ші сынып
құрылғысына ғана қатысты.)
Осы құрылғыны толық сөндіру үшін розеткадан ағытыңыз.
Қажет болған жағдайда осы аспаптың тоқтан жылдам
суырылуын қамтамасыз ету үшін қабырғадағы розетка мен
қуат ашасына оңай жетуге болатынына көз жеткізіңіз.
Орнату
Осы құрылғыны батарея немесе қызу қондырғысының
қасына немесе үстіне не күн сәулесі тура түсетін жерге
қоймаңыз.
Осы құрылғының үстіне су құйылған сауыттарды (құмыра,
т.с.с.) қоймаңыз, себебі өрт немесе электр қатері орын алуы
мүмкін.
Бұл құрылғыға жаңбырдың немесе ылғалдың тиюіне жол
бермеңіз.
Қазақ
Қазақ - 2

Bekijk gratis de handleiding van Samsung QE65Q8FAAU, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.

Productinformatie

MerkSamsung
ModelQE65Q8FAAU
CategorieTelevisie
TaalNederlands
Grootte4839 MB