Philips OneUp 5000 series XV5113 handleiding

58 pagina's
PDF beschikbaar

Handleiding

Je bekijkt pagina 52 van 58
52
Қазақша
Маңызды қауіпсіздік ақпараты - Қосымша пайдалану құжаттамасын
Құрылғыны және оның аксессуарларын қолданбас бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап
қойыңыз. Қамтамасыз етілген аксессуарлар әр түрлі өнімдер үшін өзгеше болуы мүмкін.
Қауіпті жағдайлар
- Құрылғыны ешқашан суға немесе басқа сұйықтықтарға батыруға және ағынды судың астында жууға болмайды.
- Құрылғының корпусын ашпаңыз.
Абайлаңыз
- Қуат мәні 5,0ВТТ 1,0А 5,0Вт болатын және USB-C аша түріндегі, қосымша қауіпсіз төмен кернеуде мақұлданған адаптерді ғана
пайдаланыңыз.
- Құрылғыны қоспас бұрын, адаптерде көрсетілген кернеу жергілікті розетканың кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
- Зарядтап болғаннан кейін әрқашан қуат кірісінің тығыздағыш қақпағын жабыңыз. XV5113 (сурет 1), XV3101 (сурет 2).
- Кабельге зақым келтіріп алмау үшін зарядтайтын кабельді тым қатты майыстырмаңыз.
- Құралды пайдаланудың алдында оны әрқашан тексеріңіз. Егер құрал зақымдалған болса, онымен қолдануға болмайды. Зақымдалған
бөлшекті әрдайым түпнұсқа түрімен ауыстырыңыз.
- Әрқашан пайдаланушы нұсқаулығында және осы маңызды қауіпсіздік ақпарат кітапшасында көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келетін
және жергілікті стандарттарға сәйкес зарядтағыш пен зарядтайтын кабельді пайдаланыңыз.
- Зарядтау кабелі зақымдалып қалса, оны пайдаланбаңыз.
- Philips компаниясы пайдаланушы нұсқаулығында және осы маңызды қауіпсіздік ақпарат кітапшасында көрсетілген сипаттамаларға
сәйкес келмейтін зарядтағыштарды және зарядтайтын кабельдерді пайдалану салдарына жауапты емес.
- Әрқашан пайдаланушы нұсқаулығында және осы маңызды қауіпсіздік ақпарат кітапшасында көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келетін
және жергілікті стандарттарға сәйкес зарядтағыш пен зарядтайтын кабельді пайдаланыңыз.
- Пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес құрылғыға таяқша құрастырылғаннан кейін, оны құрылғыдан бөлшектемеңіз.
Құрылғыны қоқысқа тастаған кезде ғана, таяқшаны алуға болады.
- Philips бұл құрылғыны тек Philips OneUp XV1892 еден тазартқышымен сынақтан өткізді. Басқа жуғыш заттар шамадан тыс көбіктенуге
әкеліп, өнімділікті төмендетеді және құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
- Құрылғыны кіріктірілген жуғыш зат жүйесімен пайдаланған кезде, таза су ыдысына 1 мл Philips OneUp XV1892 еден тазартқышынан
артық қоспаңыз.
- Бұл құрылғыны пайдаланған кезде, жарақат алмау және құрылғыға зақым келтірмеу үшін суды 50°C-ден аспайтын температурада
пайдаланыңыз.
- Бактерияларды көбейтпеу үшін бұл құрылғыда үнемі көбіктенбейтін жуғыш затты пайдаланыңыз. Құрылғыны құрғақ ыдыстарымен
сақтаңыз.
- Бақылау астында болса не құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар алған болса және байланысты қауіптерді түсінсе, бұл
құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балаларға және дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе тәжірибесі мен білімі жоқ
адамдарға пайдалануға болады. Балалар құралмен ойнамауы керек. Тазалау мен пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету
қызметтерін бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.
- Құрылғыны бір айдан аса уақыт (пайдаланбай немесе зарядтамай) сақтағанда, батареяның кемінде 50% зарядталғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны зарядсыз батареямен сақтау салдарынан батареяға келген зақым жөнделмеуі мүмкін.
- Құрылғыны қолданар алдында, Philips OneUp XV1882 ауыстырмалы төсемін пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес тазалап
орнатқаныңызға көз жеткізіңіз.
- Philips OneUp XV1882 ауыстырмалы төсемін пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауға сәйкес үнемі тазалап, ауыстырып тұрғаныңызға
көз жеткізіңіз.
- Енді қайта зарядтау мүмкін болмағанда немесе қуаты жылдам таусыла бастағанда құрылғыны өкілетті Philips қызмет көрсету
орталығына апарыңыз.
- Құрылғы зақымдалса, оны зарядтауға болмайды.
- Бұл құрылғы тек үйде қолдануға арналған. Бұл құрылғыны құрылыс қалдығын, цемент шаңын, күл, ұсақ құм, әк және ұқсас заттар соруға
пайдаланбаңыз. Бұл құрылғының пайдалану мерзімін қысқартуы мүмкін. Құрылғының барлық бөлшегін әрдайым пайдаланушы
нұсқаулығында көрсетілгендей тазалаңыз. Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше көрсетілген болмаса, ешқандай бөлшектерін сумен
және/немесе тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.
- Бұл құрылғы тек үйде қолдануға арналған. Өндіріске пайдалану құрылғыны зақымдап, құрылғының пайдалану мерзімін қысқартуы
мүмкін.
Абайлаңыз
- Құрылғыны пайдаланар алдында еденді шаңсорғышпен тазалаңыз.
- Құралды розеткаға қосуды, ажыратуды немесе пайдалануды ылғалды қолдармен орындамаңыз.
- Қолданып болған соң және зарядтамас бұрын, құралды әрдайым өшіру керек.
- Құрылғының алынбалы бөлшектерін ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды. Бұл бөлшектер ыдыс жуғыш машинада жууға
арналмаған.
- Құрылғыны әрдайым тегіс әрі қозғалмайтын жерде сақтаңыз.
- Құрылғыны әрқашан Philips OneUp XV1882 ауыстырмалы төсемін саптамаға бекітіп пайдаланыңыз.
- Құрылғыны сақтауға қоймас бұрын, әрқашан Philips OneUp XV1882 ауыстырмалы төсемін алып, су ыдыстарының құрғақтығына көз
жеткізіңіз.
- Philips OneUp XV1882 ауыстырмалы төсемін кір жуғыш машинада жууға болады. Philips OneUp ауыстырмалы төсемін оған бекітілген жуу
жапсырмасындағы ақпаратқа сәйкес жуыңыз. Philips OneUp ауыстырмалы төсемін жартылай толтырылған кір жуғыш машинада жұмсақ
күтім бағдарламасымен және төмен айналдыру жылдамдықтарымен жуыңыз. Барабанды кептірмеңіз немесе жұмсартқышты
пайдаланбаңыз.
- Philips арнайы ұсынбаған жағдайда басқа өндірушілердің бөлшектерін немесе қосымша бөлшектерін қолдануға болмайды. Егер
осындай аксессуарлар немесе бөлшектер пайдаланылса, кепілдік жарамсыз болады.
- Егер құрылғы қабырға кронштейнімен бірге келсе, құрылғының қабырғаға орнатылған қабырға кронштейніне пайдаланушы
нұсқаулығындағы нұсқауларға сай бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Электр тогы соғуын болдырмау үшін қабырға кронштейнін бекіту
мақсатында қабырғада саңылаулар жасаған кезде абай болыңыз.
- Пайдаланған сайын иістерді болдырмау үшін таза және лас су ыдысын құрылғыдан шығарып тазалаңыз.
- Бұл құрал суды тазалау үшін пайдаланатындықтан еден сәл уақыт (сурет 3) ылғал әрі сырғанақ болуы мүмкін.
- Құрылғыны біраз уақыт пайдаланбасаңыз, таза және лас су ыдыстарын үнемі тазалап тұрыңыз.
- Құрылғы мен су ыдысының дұрыс жұмысын және жақсы тазалау нәтижелерін қамтамасыз ету үшін үнемі түпнұсқа Philips OneUp XV1882
ауыстырмалы төсемін пайдаланыңыз.
- Оңтайлы өнімділік пен құрылғы тұтастығын сақтау үшін Philips OneUp XV1892 еден тазартқышын пайдаланыңыз.
- Арнайы әзірленген жуғыш зат Philips шаң сору және жуу құрылғыларында біркелкі үйлесімділік пен тиімділікке қатаң сыналған.
- Балама тазалау агенттерін пайдалану құрылғының ішкі құрамдастарын бұзуы және зақымдауы мүмкін.

Bekijk gratis de handleiding van Philips OneUp 5000 series XV5113, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.

Productinformatie

MerkPhilips
ModelOneUp 5000 series XV5113
CategorieNiet gecategoriseerd
TaalNederlands
Grootte6409 MB