Hisense Hi Move VI handleiding

92 pagina's
PDF beschikbaar

Handleiding

Je bekijkt pagina 52 van 92
Қауіпсіздік мақсатында аспаптың кейбір бөліктері жеке-жеке қапталған және негізгі қаптамаға салынған. // Алғаш
қолданар алдында құрастыру және қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысып шығыңыз. // Аспап үй
жағдайында құрғақ тазалауға арналған.
КОМПОНЕНТТЕРІ
1
Қозғалтқышы, аккумуляторы және шаң жинағышы бар корпус
2
Соратын шланг
3
Еденге арналған электр жетегі бар щетка
4
1-гі 2 қондырмасы
5
Ұзын жіңішке қондырма
6
Қабырға кронштейні
7
Адаптер
ҚҰРАСТЫРУ
Аккумуляторды қозғалтқыш корпусына салыңыз. // Шлангтың жоғарғы бөлігін қозғалтқыш блогына, ал
төменгі бөлігін еденге арналған щеткаға жалғаңыз. Егер құрылғы саңылауларға тығыз салынған болса (қай
баптауды қолданатыныңызға қарамастан, сәл ғана сырт еткен дыбысты естисіз), құрастыру дұрыс
орындалған.
Жиынтықта өлшемі кішкене екі қондырманы орнатуға болатын зарядтау станциясы жеткізіледі. Құрастыру
жөніндегі ұсынылған графикалық нұсқауларды орындаңыз. // Шаңсорғышты жылу көздерінен кемінде 1 м
қашықтыққа орнатыңыз. // Аспап пішіміне байланысты тұрақты болып табылмайды.
ҚОЛДАНУ
Щеткалар мен қондырмалар шлангқа да, қозғалтқыш блогына да сай келеді. // Щеткалар мен
қондырмалардағы батырмаларды басу арқылы оларды түрлі қолданыстар үшін тез өзгерте аласыз: Егер
щетканы немесе қондырманы орнату кезінде қысқа сырт еткен дыбысты естісеңіз, олар дұрыс орнатылған.
Еденге арналған щетка барлық беттерді (еден бетін шаңсорғышпен құрғақ тазалау) тазалау үшін
қолданылады. Шаңсорғышты түгі қалың кілемдерді тазалау үшін қолданбаңыз, әйтпесе түк щетканың
шығыршықтарына оралып қалуы мүмкін, бұл шаңсорғыштың бұзылуына алып келеді.
Жіңішке қондырма тар қатынау қиын жерлерді (бұрыштар, дивандар, өрмекші, радиатордың артын ...)
тазалауға арналған.
Қылдары бар қондырма (жиектемелерге, жылжымалы жәшіктерге арналған...). Қылдары бар қондырманы
тартып, бұраңыз.
ЗАРЯДТАУ
Шаңсорғышты жылу көздерінен кемінде қашықтықта зарядтаңыз. // Құрылғыны зарядтау кезінде қосу
мүмкін емес.
Жеткізу жиынтығына шаңсорғышқа арналған зарядтау кабелі бар адаптер кіреді. // Шаңсорғыштың
аккумулятор батареясындағы батырманы басу арқылы батареяны қауіпсіз ала аласыз, сондай-ақ оны
шаңсорғыштан бөлек те зарядтауға болады. // Зарядтау кезінде дисплейде батарея зарядының пайызы
көрсетіледі.
ПАЙДАЛАНУ
Дисплейде түрлі функциялар көрсетіледі:
-
Аспаптың батарея зарядының сандық индикаторы бар. Сандық дисплейде қолдану немесе зарядтау
кезінде батарея заряды көрсетіледі.
-
Үсті сызылған шығыршық символы щеткаға бөгде зат тұрып қалған кезде жанады. Осы белгі жанған
кезде бөгде затты алып тастаңыз.
-
Жылдамдықты таңдау кезінде дисплейде батареяның разрядтануына қанша уақыт қалғаны көрсетіледі.
// Екі жылдамдықтың біреуін таңдай аласыз: MAX (10 мин дейін), AUTO (50 мин дейін).
-
Қосу/өшіру батырмасы
АСПАПТЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Егер аспапты ауыстыруды қаласаңыз немесе аспап бұдан былай қажет болмаса, қоршаған ортаны қорғау
туралы ойланған жөн.
Шаңсорғышты кәдеге жаратпас бұрын аккумулятор батареясын ағытып алу қажет. // Аккумулятор батареясын
қауіпсіз алу үшін оның толықтай разрядтанғанына көз жеткізіңіз. Егер аспапта алмалы-салмалы аккумулятор
батареясы болмаса, суреттемелері бар жадынамада берілген нұсқауларды орындаңыз.
ШАҢ ЖИНАҒЫШ ПЕН СҮЗГІЛЕР
1
Шаң жинағыш пен сүзгілер
Шлангты қозғалтқыш блогынан ажыратыңыз. // Шаң жинағышты тазалау үшін шаң жинағыштың бүйір
бетіндегі батырманы басыңыз. // Шаң сорғыштың төменгі бөлігі ашылады. Енді контейнердегі шаңды тазалай
аласыз. // Шаң жинағышты қозғалтқыш блогынан алу кезінде контейнерді құлатып, зақымдап алмау үшін сақ
болыңыз. // Контейнердің алдыңғы бетін басыңыз. // Суретте көрсетілгендей шаң жинағышты қисайтып,
көтеріңіз. // Сүзгі мен сүзгі жиектемесін шаң жинағыштан алып, оларды шаңнан тазалаңыз.. // Контейнерді,
түтікті және сүзгіні сүртуге, сілкуге немесе жылы сумен жууға болады. Сақ болыңыз, дұрыс қолданбау
шаңсорғыш бөлшектерін зақымдауы мүмкін. // Контейнерді орнына орнатпас бұрын бөлшектердің
барлығының толықтай кепкеніне көз жеткізіңіз. // Шаң жинағыштың ішкі компоненттерін орнату үшін
құрастыруды кері тәртіппен орындаңыз. // Шаң сүзгісі орнатылмаған шаңсорғышты қолданбаңыз.
2
Сүзгіні ауыстыру
Егер сүзгінің бүлінгенін байқасаңыз, оны тез арада ауыстырыңыз. Аспапты жүйелі түрде қолдану кезінде
шаңсорғыштық қызмет ету мерзімін ұзарту үшін сүзгіні әр 6 ай сайын ауыстыруды ұсынамыз.
ЕДЕНГЕН АРНАЛҒАН ЩЕТКА
Бекіткішті босату үшін щетканың бүйір бетіндегі батырманы басыңыз, щетканы корпустан алыңыз және
корпустың төменгі бөлігін матамен сүртіңіз. Щетканың сору шлангын тазалаңыз. Щеткадағы шығыршықты
сілкіп, щеткаға жиналып қалған шаш пен басқа да ластарды қайшымен мұқият кесіп тастаңыз. Қылдарды
зақымдап алмау үшін жиналып қалған шаштан және басқа да қоқыстан ұстап тартпаңыз. Шығыршықты
ауыстыру кезінде шығыршыққа бекітілген пластик бөлшектен тартып, жаңа шығыршықты орнатыңыз. //
Шығыршықты кейін қарай щеткаға орнатыңыз. // Егер шығыршықты орнату кезінде сырт еткен дыбыс
естілсе және бүйір бекіткіш щетканың корпусын сенімді ұстап тұрса, ол дұрыс орнатылған.

Bekijk gratis de handleiding van Hisense Hi Move VI, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.

Productinformatie

MerkHisense
ModelHi Move VI
CategorieStofzuiger
TaalNederlands
Grootte10198 MB