Hisense Hi Move V handleiding

120 pagina's
PDF beschikbaar

Handleiding

Je bekijkt pagina 67 van 120
ШАҢ ЖИНАҒЫШ ПЕН СҮЗГІЛЕР
1
Шаң жинағыш пен сүзгілер
Шлангты қозғалтқыш блогынан ажыратыңыз. // Шаң жинағышты тазалау үшін контейнер түбіндегі
батырманы басыңыз // Шаңға арналған контейнер түбі ашылады, енді шаңды қағып алуға болады. //
Сүзгінің дөңгелек ұстағышын ағытып алу үшін оны бұраңыз және шаң жинағыштан шығарып алыңыз. //
Сүзгіні шығарып алу үшін шаңсорғыштың төменгі бөлігіндегі (батарея астындағы) батырманы басыңыз //
Шаң жинағышты қозғалтқыш блогынан ағытып алу үшін түйіспелерді зақымдап алмай, шаңсорғышты
суретте көрсетілгендей белгілі бір бұрышпен ақырын көтеріңіз. //
Сүзгіні шаң жинағыштан шығарып алып,
босатыңыз. // Шаң жинағышты, муфтаны және сүзгіні сүртуге, сілкуге немесе жылы сумен шаюға болады,
бірақ сақ болыңыз, өйткені дұрыс қолданбау шаңсорғыш компоненттерінің бүлінуіне алып келуі мүмкін. //
Шаң жинағышты орнына орнатпас бұрын бөлшектердің барлығының толықтай кепкеніне көз жеткізіңіз. //
Шаң жинағыштың ішкі компоненттерін орнату үшін құрастыруды кері тәртіппен орындаңыз. // Шаң сүзгісі
орнатылмаған шаңсорғышты қолданбаңыз.
2
Сүзгіні ауыстыру
Егер сүзгінің бүлінгенін байқасаңыз, оны тез арада ауыстырыңыз. Аспапты жүйелі түрде қолдану кезінде
шаңсорғыштық қызмет ету мерзімін ұзарту үшін сүзгіні әр 6 ай сайын ауыстыруды ұсынамыз.
АСПАПТЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Егер аспапты ауыстыруды қаласаңыз немесе аспап бұдан былай қажет болмаса, қоршаған ортаны
қорғау туралы ойланған жөн.
Шаңсорғышты кәдеге жаратпас бұрын аккумулятор батареясын ағытып алу қажет.
// Аккумулятор
батареясын қауіпсіз алу үшін оның толықтай разрядтанғанына көз жеткізіңіз. Егер аспапта алмалы-
салмалы аккумулятор батареясы болмаса, суреттемелері бар жадынамада берілген нұсқауларды
орындаңыз.
ҚАТЕ КОДТАРЫ
1-қате
Батарея разрядтанған, ауыстыру қажет.
2-қате
NTC датчигі бұзылған, батареяны ауыстыру, не болмаса білікті жөндеу қажет болады.
10-қате
Сору желісіндегі қозғалтқыштың сигналды сымы бүлінген, білікті жөндеу қажет болады.
11-қате
Аспап бұзылған, білікті жөндеу қажет болады.
12-қате
Іске қосу тогы өте жоғары, не болмаса мата беттерге немесе еденге арналған щетка
бүлінген, білікті жөндеу қажет болады.
13-қате
Аккумулятор батареясы дұрыс орнатылмаған, батареяны қайта орнату қажет болады,
аккумуляторды орнату жөніндегі қысқаша басшылықты қараңыз. Батареяны орнатқаннан
кейін ОСД-дисплейге бұрынғыша қате шығып тұрады, білікті жөндеу қажет болады.
14-қате
Егер бар болса, еденге арналған щетка шығыршығы жұмыс жасамайды, еденге арналған
щеткаға қорек беру бұзылған, білікті жөндеу қажет болады.
104-қате
Зарядтау тогы өте жоғары, бұл зарядтау құрылғысының бұзылуына себеп болған. Зарядтау
құрылғысын ауыстыру қажет.
105-қате
Зарядтау кернеуі өте жоғары, бұл зарядтау құрылғысының бұзылуына себеп болған.
Зарядтау құрылғысын ауыстыру қажет.
106-қате
Егер батарея температурасы зарядтау үшін өте жоғары болса, аспапты зарядтауға қоймас
бұрын 60 минут күтіңіз. Егер қате туралы хабарлама жоғалмаса, зарядтау құрылғысын
ауыстырыңыз.
107-қате
Аспап жоғары жылдамдықпен жұмыс жасап тұрған кезде егер аспаптың немесе қоршаған
ортаның температурасы өте жоғары болса, аспапты қолдануды жалғастырмас бұрын оны 60
минут бойы салқындатып алу ұсынылады.
Шығыршықтың
тұрып қалуы
Ауа ағынының шлангқа тұрып қалған қандай да бір қоқыспен бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
Шығыршықты дұрыс ағытып алу үшін қысқаша басшылықты қараңыз. Шығыршықты
щеткадан ажыратыңыз және щетканы тазалаңыз. Шлангта қоқыстың қалмағанына көз
жеткізіңіз.
109-қате
Зарядтау құрылғысын зарядтау уақыты 6 сағаттан асады, бұл ақауды білдіреді, зарядтау
құрылғысын ауыстыру қажет болады.
110-қате
Сору желісіндегі электр қозғалтқышты шамадан тыс кернеуден қорғау. Білікті жөндеу қажет
болады.
111-қате
Сору желісіндегі қозғалтқышты тогы бойынша шамадан тыс жүктемеден қорғау. Білікті
жөндеу қажет болады.
112-қате
Аспапты автоматты түрде өшіруге алып келетін сору желісіндегі қозғалтқышты қызып
кетуден қорғау. Білікті жөндеу қажет болады.
Ауа ағыны
блокталған
Аспап жоғары жылдамдықпен жұмыс жасаған кезде қозғалтқыштың оңтайлы жылдамдықты
асыруы. // Шлангтың бітелуі. // Сүзгінің бітелуі. // Ескертпе: қолдану алдында сүзгі торының,
сүзгінің және шаң жинағыштың құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
120-қате
Шаңсорғыш сүзгі мен шаң жинағыш алынған кезде жұмыс жасамайды.
67

Bekijk gratis de handleiding van Hisense Hi Move V, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.

Productinformatie

MerkHisense
ModelHi Move V
CategorieStofzuiger
TaalNederlands
Grootte13309 MB