Hisense CM4H8BG handleiding
Handleiding
Je bekijkt pagina 145 van 164

KK 25
БАПТАУЛАР
Жуу
Соңғы кофе дайындау сәтінен бастап 2-3 минут өткеннен кейін, сіз пісіру
блогын жылыту жүйесін жууыңыз керек. Тиісті мәзірден жуу функциясын
таңдап алыңыз. Тамшыларды жинауға арналған түпқоймаға суды ағызыңыз.
Сіз кофе үшін пайдаланатын бұл суды шынаяқты қыздыру үшін пайдалана
аласыз. Бұл жағдайда ыстық суды шынаяққа құйыңыз (содан кейін оны төгіп
тастаңыз).
1. «ПРОМЫВКА» (4) сенсорлы түймесін басыңыз.
2. Аспап автоматты жуу циклын орындайды (кішкене ыстық су
мөлшерлеуіштен ағып, тамшыларды жинауға арналған түпқоймаға қарай
төмен ағып кетеді).
Статистика
Сіз мынадай ақпаратты көре аласыз:
• осы сәтте аспап дайындаған кофенің жалпы саны;
• қақты кетіру бойынша орындалған операциялар саны;
• дайындалған капучино порцияларының саны;
• су литрінің саны;
Бір уақытта берілген 2 шынаяқ кофе 2 шынаяқ сияқты есептелінеді.
Мәндерді табу үшін, мынадай іс-әрекеттер орындаңыз:
1. «МЕНЮ» (2) сенсорлы түймесін басыңыз, содан кейін сенсорлы
айналдыру түймелерін (5 және 7) «СТАТИСТИКА» мәзір опциясы пайда
болмайынша басыңыз. Мәзір опциясын «ОК» (9) түймесін басу арқылы
растаңыз.
2. Дисплейде осы сәтке дейін дайындалған шынаяқ саны пайда
болады, мысалы, «КОЛИЧЕСТВО ЧАШЕК КОФЕ 135».
3. Қақты кетіру бойынша орындалған операциялар санын көру үшін,
сенсорлы айналдыру түймесін (7) бірнеше рет басыңыз, мысалы,
«КОЛИЧЕСТВО ПРОГРАММ УДАЛЕНИЯ НАКИПИ 5», «КОЛИЧЕСТВО
ЧАШЕК С ВОДОЙ», содан кейін дайындалған капучино
порцияларының саны және т.б., мысалы, «КОЛИЧЕСТВО КАПУЧИНО
135».
Аспаптың зауыттық баптауларына келтіру
Бұл функция бұрын өзгертілген мәндерді зауыттық баптау мәндеріне
келтіреді.
Өзгерістер мынадай баптауларға және сақталған деректерге енгізіледі:
• кофе, су және капучино мөлшері
• су кермектігі;
• кофе температурасы;
• өшіру уақыты.
• Қосу уақыты
• Контраст
4
Bekijk gratis de handleiding van Hisense CM4H8BG, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.
Productinformatie
| Merk | Hisense |
| Model | CM4H8BG |
| Categorie | Niet gecategoriseerd |
| Taal | Nederlands |
| Grootte | 12983 MB |







