Hisense CM4H8BG handleiding

164 pagina's
PDF beschikbaar

Handleiding

Je bekijkt pagina 135 van 164
KK 15
ПАЙДАЛАНУ
Бұл мөлшерді өзгерту үшін мынадай іс-әрекеттер орындаңыз:
1. «МЕНЮ» (2) сенсорлы түймесін басыңыз, содан кейін «ПРОКРУТКА»
(5 және 7) сенсорлы түймелерін мәзірдің «ФУНКЦИЯ КОФЕ» функциясы
пайда болмайынша басыңыз. Мәзір опциясын «ОК» (9) түймесін басу
арқылы растаңыз.
2. Сенсорлы айналдыру түймелерінің (5 және 7) көмегімен қалаған
шынаяқ мөлшерін таңдап алыңыз. Қалаған шынаяқ мөлшері дисплейде
бейнеленгенде, таңдауды «ОК» (9) түймесін басу арқылы растаңыз
3. Дисплейде пайда болатын индикация жолы шынаяқты толтыру көлемін
көрсетеді, оның көмегімен толтыру мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге
болады. Әртүрлі мөлшерді сенсорлы айналдыру түймелерінің (5 және
7) көмегімен 10 саты үшін таңдауға болады. Индикацияның толық жолы
шынаяқты толтырудың ең жоғары көлемі – 220 мл таңдап алынғанын
көрсетеді.
4. Бұл баптауды бағдарламалау үшін қалаған шынаяқ мөлшерін таңдаңыз
да, оны «ОК» (9) түймесін басу арқылы растаңыз.
Егер сіз «ОК» (9) сенсорлы түймесін баспасаңыз, 120 секундтан кейін
аспап өзгерістерді сақтамай, кофе дайындау режиміне автоматты түрде
оралады.
Бағдарламалағаннан кейін, дисплей мәзірге толтыру мөлшерін баптау
опциясына автоматты түрде оралады. Кофе дайындау режиміне дереу
оралу үшін, «МЕНЮ» (2) сенсорлы түймесін екі рет басыңыз немесе
аспап кофені дайындау режиміне автоматты түрде оралмайынша,
шамамен 120 секунд күте тұрыңыз.
Ұнтақ деңгейін баптау
Егер кофе тым тез немесе тым баяу (тамшылап) құйылса, сіз ұнтақ деңгейін
өзгерте аласыз.
Ұнтақ деңгейін өзгерту кофені ұнтақтау үдерісі кезінде ғана орындалады.
Олай болмаған жағдайда, кофемашина бұзылуы мүмкін.
1. Ұсақ ұнтақталған кофе, оны баяу дайындау үдерісін және анағұрлым қою
консистенциясын алу үшін, реттеуішті сағат тіліне қарсы бұраңыз.
2. Анағұрлым ірі ұнтақ және оны тез дайындау үдерісін (тамшылап емес)
алу үшін, реттеуішті сағат тілімен бұраңыз.
Реттеу нәтижесі кемінде 2 шынаяқ кофе дайындағаннан кейін көрінетін
болады.

Bekijk gratis de handleiding van Hisense CM4H8BG, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.

Productinformatie

MerkHisense
ModelCM4H8BG
CategorieNiet gecategoriseerd
TaalNederlands
Grootte12983 MB