Hisense CM4H8BG handleiding
Handleiding
Je bekijkt pagina 124 van 164

KK 4
КІРІСПЕ
Бұл кофемашина таңдаулы бір шынаяқ кофе, эспрессо немесе капучино
дайындайды. Сіз өзіңіздің жеке ұнатуыңызға және дәміңізге қарай
машинаның баптауларын өзгерте аласыз.
Жасап шығарушы зауытта бұйымды тексеру барысында кофе
пайдаланылды, сондықтан кофетартқышта кофе қалдықтарының болуы
әбден қалыпты факт болып табылады. Бұған қарамастан, аспаптың өзі
кепілді жаңа болып табылады.
Аспапты пайдаланар алдында оны пайдалану нұсқаулығын мұқият
және толық оқып шығыңыз, болашақта анықтамалық ақпарат алу
үшін оны ұқыпты сақтаңыз.
Профилактикалық қызмет көрсету
Сіздің кофемашинаңызға профилактикалық қызмет көрсету талап
етіледі. Кофемашинаның жақсы және сенімді жұмыс істеуіне
кепілдік беру үшін, Hisense компаниясы әрбір 2-3 жыл сайын машинаға
сервистік қызмет көрсетуді ұсынады (ең көбі 8000 шынаяқ
дайындағаннан кейін).
Пайдаланылатын пиктограммалар
Маңызды ақпарат
Қауіп! Электр аспабы
Күйіп қалу қаупі
Кеңес
Кофеге немесе сүтке жанасуы мүмкін аспаптың бөлігі азық-түлік
өнімдерімен түйісуі үшін жарамды материалдарға қойылатын
талаптарға қатысты ЕС 1935/2004 Директивасының ережелеріне
сәйкес келеді.
Бұл бұйым электр және электронды жабдықтың қалдықтары
(WEEE) туралы 2004/108/ЕС Еуропа директивасына сәйкес
таңбаланған.
Bekijk gratis de handleiding van Hisense CM4H8BG, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.
Productinformatie
| Merk | Hisense |
| Model | CM4H8BG |
| Categorie | Niet gecategoriseerd |
| Taal | Nederlands |
| Grootte | 12983 MB |







