Handleiding
Je bekijkt pagina 47 van 120

47
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КҮТУ
Сүзінді басқару панелімен басқарылады (4 сурет)
4a сур. - OTS 615 IH / OTS 615 WH / OTS 625 IH / OTS 625 WH / OTS 626 IH / OTS6226IH /
OTS515IH / OTS515WH
Ас үйге арналған сүзінді үш сатылы желдеткішпен және жұмыс орнын жарықтандырғышпен
жабдықталған.
Мотордың жылдамдығы телескоптық панельдің оң жақ бағанасында орналасқан мотормен
басқарылады.
Сүзіндінің моторы жұмысын бастау үшін бас панельді итеріп шығарған жөн (4d сур.). Бас панельді
қайтару сүзіндінің моторын сөндіреді (желдеткіштің таңдалған жылдамдығына қарамастан).
Оңтайлы өндіргіштікке жету үшін қалыпты жағдайларда ең төмен айналу жылдамдығын
пайдаланған жөн, ал ең жоғары айналу жылдамдығын ас үй газдары жоғары шоғырланған кезде
ғана пайдалану қажет. Сондай-ақ сүзіндіні ас әзірлеуді бастағанға дейін бірнеше минут бұрын
қосып, ас әзірлеу аяқталғаннан кейін 15 минут өткен соң сөндірген жөн, сонда барлық иістер
кетеді.
Жарықтану телескоптық панельдің сол жақ бағанасында орналасқан сөндіргіштің көмегімен
басқарылады. Бас панельді бастапқы күйіне қайтару жарықтандыруды өшіреді.
4b сур. - OTS635IH / OTS6425IH
Ас үй сүзіндісінің желдеткіші 3 жылдамдықта жұмыс істейді. Желдеткіштің жылдамдығын
иістермен қанығу деңгейіне байланысты таңдаған жөн. Сүзіндінің желдеткішін іске қосу үшін
бас панельді (4d сур.) итеріп шығарып, итеріп шығарылатын алдыңғы бас панельде орналасқан
басқару панеліндегі желдеткіштің жылдамдығына (”1”, ”2” немесе ”3”) сәйкес келетін тиісті
батырманы басқан жөн.
Кейінге шегерілген сөндіру атқарымын желдеткіш жылдамдығының батырмаларының бірін 3
секунд бойы ұстап тұру арқылы іске қосуға болады, жабдық 15 минуттен кейін сөнеді. Кейінге
шегерілген сөндіру атқарымы сөндірілген кезде дисплейде сандар жыпылықтай бастайды және
желдеткіш 15 минуттен кейін сөнеді. Панельді бастапқы күйіне қайтару сүзіндіні сөндіреді және
кейінгі шегерілген сөндіру атқарымын болдырмайды.
Сүзінді қазіргі сәтте таңдалған жылдамдықты таңдау батырмасын басу арқылы сөндіріледі.
Асүйден иістер мен булардың қалдықтарын кетіру үшін ас әзірлеп болғаннан кейін бірнеше секунд
ішінде сүзіндіні қолдануға ұсыныс беріледі.
Жарықтандыру итеріп шығарылаты алдыңғы бас панельде орналасқан басқару панеліндегі ” ”
батырмасын басу арқылы қосылады және сөндіріледі.
4c сур. - OTS 645 IH
Ас үй сүзіндісінің желдеткіші 3 жылдамдықта жұмыс істейді. Желдеткіш жұмысының жылдамдығын
таңдау ас әзірлеу қарқындылығына тәуелденеді. Ас үй сүзіндісінің желдеткішін қосу үшін басқару
панеліндегі
” ” батырмасын басу жеткілікті болады. Желдеткіш жұмысының жылдамдығын ">" батырмасын
бірнеше рет басу арқылы ұлғайтуға болады, ал "<" батырмасын басу арқылы азайтуға болады.
Сүзіндінің моторы жұмысын бастау үшін бас панельді итеріп шығарған жөн (4d сур.).
” ” батырмасы сүзіндіні кейінге шегеріп сөндіру үшін арналған. Бұл атқарым ” ” батырмасын
басу арқылы қосылады, жабдық 15 минуттен кейін сөнеді. Сөндірілуді кідірту атқарымы белсенді
етілген кезде, бейнебет бұл жөнінде хабар беру үшін бейнебетте сандарды жыпылықтатады да,
сүзінді желдеткіші 15 минуттан кейін сөндіріледі.
Ас әзірлеу аяқталғаннан кейін сүзіндіні біршама уақытқа жұмыс істеулі күйінде қалдырған жөн, бұл
ас үйдегі газдар мен жағымсыз иістерді толықтай кетіруге мүмкіндік береді.
Жарықтандыру итеріп шығарылаты алдыңғы бас панельде орналасқан басқару панеліндегі ” ”
батырмасын басу арқылы қосылады және сөндіріледі.
Bekijk gratis de handleiding van Hansa OTS515IH, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.
Productinformatie
| Merk | Hansa |
| Model | OTS515IH |
| Categorie | Afzuigkap |
| Taal | Nederlands |
| Grootte | 9613 MB |

