Gorenje BHI626E6B handleiding

18 pagina's
PDF beschikbaar

Handleiding

Je bekijkt pagina 16 van 18
Сүзу режимінде мамандандырылған дүкендерден сатып алуға болатын көмір сүзгісі орнатылуы тиіс.
Сүзгі май бөлшектерін және иісті ұстап қалады да, одан түсетін ауаның иісін жояды және тазартылған
ауаны жоғарғы тор арқылы бөлмеге қайтарады.
ОРНАТУ
Пісіру панеліндегі асхана жабдығына арналған тірек беті мен сорғының ең төменгі бөлігі арасындағы миниималды
арақашықтық электрлік плиталар үшін 65 см кем емес және газ немесе аралас плиталар үшін 75 см болуы тиіс.
Егер газ плитаны орнату жөніндегі нұсқаулықта көбірек арақашықтық көрсетілген болса, осы талапты ұстаныңыз.
Электр желісіне жалғау
Жалғар алдында аспап ішіндегі зауыттық жапсырмада көрсетілген деректердің электр желісінің нақты
параметрлеріне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз. Егер аша бар болса, ашаны қолданыстағы нормаларға сәйкес
орнатылған және қол жетімді жерде орналасқан розеткаға тығыңыз. Егер аша болмаса немесе розетка қол жетімсіз
жерде орналасса, аспапты орнату жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ІІІ санатты шектен тыс кернеу туындаған кезде
желіні толықтай ажыратуды қамтамасыз ететін қос полюсті сөндіргішке жалғаңыз.
Ескерту! Сорғыны электр желісіне жалғар және жұмысының дұрыстығын тексерер алдында байланыстыру кабелінің
дұрыс жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Монтаждау
Сорғы өте ауыр, сондықтан оны кемінде екі адам тасымалдауы және монтаждауы тиіс.
Монтаждауды бастамас бұрын:
Бұйымның өлшемі бойынша монтаждалатын жерге сәйкес келетінін тексеріңіз.
Егер сорғы жиынтығында көмір сүзгілері (көмір сүзгісі) (*) жеткізілетін болса, оны ауыстырыңыз (тиісті бөлімді
қараңыз). Егер сорғыны сүзу режимінде қолданатын болсаңыз, көмір сүзгілерін (көмір сүзгісін) орнатыңыз.
Сорғы ішінде тасымалдау үшін салынған заттардың, мысалы, бұрандалары бар пакеттің (*),
кепілдік талонының (*) және т.б. жоқ екенін тексеріп алыңыз, егер бар болса, алып тастаңыз.
Монтаждалатын аймақтағы қабырғаға немесе төбеге еркін қатынауды қамтамасыз ету үшін мүмкіндігінше
плитаны электр желісінен ажыратыңыз және ысырып қойыңыз немесе пісіру бетін үстел бетінен шығарып
алыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, плитаны немесе пісіру бетін ықтимал бұзылулардан және қоқыстан қорғау
үшін қалың материалмен жабыңыз. Сорғыны құрастыруды тегіс бетте жүргізіңіз. Бетін қорғайтын материалмен
жабыңыз және сорғының компоненттері мен бекіту бөлшектерін шығарып қойыңыз.
Қосымша ретінде монтаждайтын аймақта монтаждау аяқталғаннан кейін еркін қатынау қамтамасыз етілетін
розетканың бар жоғын және буды сыртқа шығару құрылғысын жалғау мүмкіндігін тексеріп алыңыз (тек ағынды
нұсқа үшін).
Қажетті құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаңыз (розетканы орнату, сору түтігіне арналған саңылауды жасау).
Сорғыны түрлі қабырғаларға/төбеге бекіту үшін дюбельдер қарастырылған. Дегенмен, бұйымды монтаждауды
бастамас бұрын білікті маман қабырға беті мен төбенің сәйкестігін тексеруі тиіс. Қабырға немесе төбе бұйым
салмағына шыдау үшін барынша берік болуы тиіс. Сорғыны қаптау плиталарын, құрылыс ерітіндісін,
силиконның және т.б. көмегімен бекітпеңіз. Аспап тек беттерге монтаждауға арналған.
АСПАП ЖҰМЫСЫ
Асханада түтін мен иіс қарқындығы жоғары болған кезде жоғары жылдамдықты қосыңыз. Сорғыны дайындауды бастар
алдында 5 минут қосу, дайындау барысында оны қосылған күйде қалдыру және дайындау аяқталғаннан кейін
шамамен 15 минут өшірмеу ұсынылады.

Bekijk gratis de handleiding van Gorenje BHI626E6B, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.

Productinformatie

MerkGorenje
ModelBHI626E6B
CategorieAfzuigkap
TaalNederlands
Grootte2429 MB