Gorenje BHI626E4X handleiding

18 pagina's
PDF beschikbaar

Handleiding

Je bekijkt pagina 17 van 18
Мотордың 1-жылдамдығын қосу үшін 1-жылдамдық батырмасын басыңыз.
Мотордың 2-жылдамдығын қосу үшін 2-жылдамдық батырмасын басыңыз.
Мотордың 3-жылдамдығын қосу үшін 3-жылдамдық батырмасын басыңыз.
Жарықты қосу үшін жарық батырмасын басыңыз. Жарықты өшіру үшін батырманы тағы басыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қызмет көрсетуді бастамас бұрын жалпы өшіргішті сөндіру және сақтандырғышты
ажырату арқылы сорғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Егер аспап электр желісіне розетка арқылы жалғанса, одан ашаны ажыратыңыз.
Тазалау
Аспаптың ішкі және сыртқы беттерін жүйелі түрде тазалап тұрыңыз (май сүзгілеріне қызмет көрсету сияқты жиі емес).
Тазалау үшін бейтарап сұйық тазалау құралына батырылған матаны қолданыңыз. Абразивтік тазалау құралдарын
қолдануға болмайды. СПИРТТІ ҚОЛДАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
ЕСКЕРТУ: Аспапты тазалау және сүзгілерді ауыстыру ережелерін орындамау жануға алып келуі мүмкін, сондықтан
берілген нұсқауларды орындау ұсынылады.
Өндіруші дұрыс қызмет көрсетпеу немесе техниканы сақтамау салдарынан болған мотордың бұзылуына және
өртенуден болуы ықтимал залалдарға жауап бермейді.
Май сүзгісі
Май сүзгісі май бөлшектерін ұстап қалады.
Май сүзгісін айына бір рет агрессивті емес жуу құралдарымен қолмен немесе ыдыс жуу машинасында жылдам
бағдарламада төмен температурамен тазалаңыз. Ыдыс жуу машинасында жуу кезінде сүзгі түсі болмашы ғана
өзгеруі мүмкін, бірақ бұл сүзгі жұмысына әсер етпейді.
Май сүзгісін шығарып алу үшін серіппесі бар тұтқаны төмен тартыңыз.
Көмір сүзгісі ек сүзу режимі үшін)
Көмір сүзгісі тағам дайындау кезінде пайда болатын жағымсыз иістерді сіңіріп алады.
Көмір сүзгісінің ластану дәрежесі қолдану қарқындылығына, дайындалатын тағам түріне және көмір сүзгісін тазалау
жиілігіне байланысты болады.
Кез келген жағдайда көмір сүзгісінің картриджін әр төрт ай сайын ауыстыру қажет. Көмір сүзгісін жууға және өзгертуге
БОЛМАЙДЫ.
Дөңгелек көмір сүзгісі
Сүзгіні әр бетінен бір-бірден мотор торын қорғауға арналған қақпақ ретінде орнатыңыз және сағат тілі бағытында
бұраңыз. Сүзгілерді алу үшін оны сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз.
Шамдарды ауыстыру
Сорғы оңтайлы жарықтандыруды қамтамасыз ететін, қарапайым шамдармен салыстырғанда 10 есе ұзақ қызмет
ететін және электр энергиясын 90% дейін үнемдейтін жарық диодты шамдармен жабдықталған.
Жарықтандыру жүйесі бұзылған жағдайда сервис орталығына хабарласыңыз.
Механикалық басқару
Моторды өшіру үшін ӨШІРУ батырмасын басыңыз.

Bekijk gratis de handleiding van Gorenje BHI626E4X, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.

Productinformatie

MerkGorenje
ModelBHI626E4X
CategorieAfzuigkap
TaalNederlands
Grootte2429 MB