Gorenje BHI626E4X handleiding

18 pagina's
PDF beschikbaar

Handleiding

Je bekijkt pagina 14 van 18
KZ АС ҮЙ СОРҒЫСЫi
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта берілген нұсқауларды дәл орындаңыз! Өндіруші осы нұсқаулық
нұсқауларын орындамау салдарынан туындаған қандай да бір ақауларға, залалға және өртке жауап
бермейді. Ас үй сорғысы үй жағдайында тамақ дайындау кезінде пайда болатын түтін мен буды шығару үшін
қолданылады.
Аспаптың сыртқы түрі осы нұсқаулықтағы суретте көрсетілген аспаптан өзгеше болуы мүмкін. Кез келген
жағдайда нұсқаулықта берілген пайдалану, техникалық қызмет көрсету және монтаждау жөніндегі
нұсқауларды орындаңыз.
! Қажет болған кезде нұсқаулықты болашақта қолдану үшін сақтай қойыңыз. Аспапты жаңа иегерге сату немесе
беру кезінде осы нұсқаулықты да беруді ұмытпаңыз.
! Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, өйткені мұнда аспапты монтаждау, пайдалану және қауіпсіз қолдану
жөніндегі маңызды ақпараттар бар.
! Сорғы жүйесінің құрылымына және оның электрлік жүйесіне кез келген өзгерістер енгізуге тыйым салынады.
! Монтаждауды бастамас бұрын аспапты бұзылулардың жоқтығына тексеріп алыңыз. Егер аспап бүлінген болса,
оны кейін қарай орнатпаңыз және сатушыға жүгініңіз.
Ескертпе. «(*)» жұлдызшамен белгіленген компоненттер қосымша болып табылады және кейбір модельдермен
ғана жеткізіледі. Қаласаңыз мұндай компоненттерді бөлек сатып алуға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
ЕСКЕРТУ!
! Монтаждау толықтай аяқталмайынша аспапты электр желісіне жалғамаңыз.
! Тазалауды және қызмет көрсетуді бастамас бұрын сорғыны электр желісінен ажыратыңыз, шнурды розеткадан
суырыңыз немесе қорек беруді өшіріңіз.
! Монтаждау және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау кезінде қорғайтын қолғап киіңіз.
! Аспапты балаларға, физикалық, қозғалу және психикалық қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны
қолдану үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек біреудің қарауымен немесе олардың қауіпсіздігі үшін
жауап беретін тұлғаның басшылығымен қолдануға рұқсат етіледі.
! Аспап ересектердің қолдануына арналған. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз.
! Аспап ересектердің қолдануына арналған. Балаларға басқару элементтерімен және аспаптың өзімен ойнауға
рұқсат етпеңіз.
! Аспапты ғимараттан тыс дымқыл жерлерге немесе аспапқа су тиюі мүмкін жерлерге, мысалы, раковинаның
астына немесе оның жанына орнатпаңыз. Су тиген жағдайда аспапты табиғи тәсілмен кептіріп алыңыз.
! Егер тор дұрыс орнатылмаған болса, сорғыны қолданбаңыз.
! Тез жанатын аэрозолдарды аспапқа тікелей жақын жерлерге қолданбаңыз.
! Егер бұл жеке келісілмеген болса, сорғыны тірек жазықтығы ретінде қолдануға ҚАТАҢ тыйым салынады.
! Егер бөлмеге сорғыдан басқа газбен немесе басқа да отынмен жұмыс жасайтын аспаптар орнатылған болса, оны
жеткілікті желдетуді қамтамасыз етіңіз.
! Сорғының ауасын газбен немесе басқа да отынмен жұмыс жасайтын аспаптардың желдету каналдары арқылы
шығаруға болмайды.
! Сорғы астында ашық отпен дайындауға және отпен шарпуға ҚАТАҢ тыйым салынады.
! Ашық отты қолдану сүзгілердің бүлінуіне немесе жануына алып келуі мүмкін, сондықтан кез келген жағдайда
мұның алдын алыңыз.
! Сорғының ауа бұру жүйесін басқа мақсаттарда, мысалы, газбен немесе басқа да отынмен жұмыс жасайтын
аспаптардан шығарылған газдарды бұру үшін қолданылатын қолданыстағы желдету жүйесіне жалғауға болмайды.
! Сорғы астында ашық отпен дайындауға қатаң тыйым салынады.
! Ашық отты қолдану сүзгілердің бүлінуіне немесе жануына алып келуі мүмкін, сондықтан кез келген жағдайда
ашық оттың алдын алыңыз.
! Тағамды қараусыз қуыруға тыйым салынады, өйткені май қызып кетуі және өртенуі мүмкін.
! Сорғының астында орналасқан пісіру аспабының жұмысы кезінде сорғының ашық бөліктері қызуы мүмкін.
! Түтін мен буды бұру саласындағы жергілікті уәкілетті органдардың техникалық ескертулері мен қауіпсіздік
жөніндегі нұсқауларын мұқият орындаңыз.
! Аспаптың ішкі және сыртқы беттерін жүйелі түрде тазалап тұрыңыз (АЙЫНА БІР РЕТТЕН ЖИІ ЕМЕС)
! Тазалау жөніндегі нұсқаулар осы нұсқаулықтың тиісті бөлімінде берілген. Осы пайдаланушы
нұсқаулығында берілген сорғыны және сүзгілерді тазалау жөніндегі нұсқауларды орындамау өртке себеп
болуы мүмкін.
! Шамдары дұрыс орнатылмаған сорғыны қолдануға және қалдыруға тыйым салынады, өйткені бұл электр
тоғынан зақым алуға алып келуі мүмкін.
! Өндіруші осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды орындамау салдарынан туындаған қандай да бір ақауларға,
залалға және өртке жауап бермейді

Bekijk gratis de handleiding van Gorenje BHI626E4X, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.

Productinformatie

MerkGorenje
ModelBHI626E4X
CategorieAfzuigkap
TaalNederlands
Grootte2429 MB