Candy CVFG6BF4PB handleiding

32 pagina's
PDF beschikbaar

Handleiding

Je bekijkt pagina 16 van 32
2.3. ПЛИТАНЫ ƏРТҮРЛІ ГАЗ ТҮРЛЕРІНЕ
БЕЙІМДЕУ
Плитаны əртүрлі газбен пайдалануға бейімдеу үшін төмендегі
нұсқауларды орындаңыз:
Торлар мен жанарғыларды алып тастаңыз
Жанарғы таянышының ішіне алты қырлы сомын кілтін (7 мм)
салыңыз (7-сурет)
Инжекторды бұрап шығарып, оны пайдаланылатын газ түріне
жарамдысымен ауыстырыңыз аз түрлері кестесін қараңыз)
2.4. МИНИМУМ ЖАЛЫНДЫ РЕТТЕУ
Жанарғыларды тұтатқаннан кейін, басқару тұтқасын ең төменгі
параметрге бұраңыз да, тұтқаны алып тастаңыз (оны сəл күш
салу арқылы оңай алып тастауға болады).
Кішкене клеммалы бұрауыштың көмегімен реттегіш бұранданы
9-суретіндегідей реттеуге болады. Бұранданы сағат тілі
бағытында бұраса – газ ағыны азаяды, ал оны сағат тіліне қарсы
бағытта бұраса ағын артады - Бұл реттеуді жалынның
ұзындығын шамамен 3-4 мм ету үшін пайдаланыңыз, содан кейін
басқару тұтқасын орнына салыңыз.
Берілетін газ түрі сұйылтылған мұнай газы болған кезде, бос
жалынды орнататын бұранда бітеуішке қарай (оңға) бұралуы керек.
Жаңа газ реттеуін орындағаннан кейін, құрылғыңыздағы ескі газ
техникалық ақпарат тақташасын ол реттелетін газ түріне сəйкес
келетін (плитамен бірге берілген) тақташамен ауыстырыңыз.
3. ПЛИТАНЫ ПАЙДАЛАНУ - ПАЙДАЛАНУШЫ
НҰСҚАУЛЫҒЫ
Бұл жабдық тек арнаулы мақсатында, яғни үйде тамақ пісіру үшін
қолданылуы керек, ал кез келген басқа мақсатта пайдалану қате
деп саналады жəне сондықтан қауіпті болуы мүмкін. Өндіруші
қате пайдаланудан туындаған кез келген залал немесе шығын
үшін жауап бермейді.
Жанарғыны пайдаланар алдында, жанарғы төмендегі суретте
көрсетілгендей тор периметрлерінің ортасында болуын қамтамасыз
етіңіз.
Шойын торларды пайдалансаңыз; тордың астында оның орны
көрсетіледі. Нақты тордың дұрыс күйде пайдаланылуын қадағалаңыз.
А кестесі
Жанарғы түрі
Ø таба/
қастрөл
(см)
AUX
SR
R
10 - 18
12 - 22
16 - 26
Қосымша
Жартылай жылдам
Жылдам
Қуат
(кВт)
1,00
1,75
2,70
G20/20 мбар
(метан)
95 л/сағ
167 л/сағ
257 л/сағ
G30/28-30 мбар
(сұйылтылған
мұнай газы)
73 г/сағ
127 г/сағ
196 г/сағ
4. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
Плитаны тазалар алдында жабдықты міндетті түрде суытыңыз.
Ашаны розеткадан суырыңыз немесе (тікелей қосылған болса)
электр қуатын өшіріңіз.
Тазалау жəне пайдаланушы орындайтын техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын балалар бақылаусыз орындамауы керек
Ешқашан қырғыш, жемір жуу құралдарын, ағартқыш немесе
қышқыл заттар қолданбаңыз. Эмаль жалатылған, лакпен
қапталған немесе тот баспайтын болаттан жасалған бөлімдерге
қандай да бір қышқыл немесе сілтілі заттар (лимон, шырын, сірке
суы жəне с.с.) тигізбеңіз.
Бетіне эмаль, лак немесе хром жалатылған бөліктерді тазалаған
кезде, жылы сабынды суды немесе жемір емес жуу құралын
қолданыңыз. Тот баспайтын болат үшін тиісті тазалау ерітіндісін
қолданыңыз.
Газ жанарғысы жалын табаның түбін түгел жауып жайылмайтындай
етіп реттелуі керек. Түбі ойыс немесе дөңес ыдыстарды қолдануға
болмайды.
АБАЙЛАҢЫЗ: Егер жалын байқаусызда сөніп қалса, тұтқаны
өшірулі күйге бұраңыз да, кем дегенде 1 минут ішінде қайта
тұтатуға əрекет жасамай тұрыңыз.
Жылдар өте газ крандары қатайып, бұралуы қиындаса, оларды
майлау қажет.
Мұндай жұмыстарды тек білікті Қызмет көрсетуші инженерлер
орындауы керек.
3) Қатты мыс құбырды немесе иілгіш болат құбырды
пайдаланып, C тəрізді фитингті газ құбырына бекітіңіз.
МАҢЫЗДЫ: сабынды ерітіндіні пайдаланып, құбыр қосы-
лымдарында жылыстау бар-жоғын түпкілікті тексеріңіз.
ЕШҚАШАН ЖАЛЫНДЫ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Сондай-ақ иілгіш
құбыр шкафтың қозғалатын бөлігіне (мысалы, тартпаға) тиіп
кетпеуін жəне оның зақымдалуы мүмкін жерде болмауын
қадағалаңыз.
Абайлаңыз: Егер жабдықтың маңайынан газдың иісі шықса,
жабдыққа келетін газ желісін жабыңыз да, тікелей инженерге
хабарласыңыз. Тесікті ашық жалынмен іздеуге болмайды.
3.1. ГАЗ ЖАНАРҒЫСЫН ПАЙДАЛАНУ
Газ плитасын қосар алдында жанарғылардың қақпақшалары
орнына дұрыс орналасқанына көз жеткізіңіз.
Бұл плита жанарғыны тұтандыру үшін электрондық тұтату
жүйесімен жабдықталған.
Жанарғыларды жағу үшін мына əрекеттерді орындаңыз:
° тұтқаны ішке итеріп, сағат тіліне қарсы бағытта үлкенірек жалын
белгісіне қарай бұраңыз да, тұтанғаннан кейін 5 секунд басып
тұрыңыз.
Басқару тұтқасы басылып тұрғанда, тұтату жүйесі ұшқын шығара
береді
Абайлаңыз: Жанарғыны тұтандыру үшін құрылғыда электр
қуаты болмаса, сіріңкені немесе оттықты пайдалана отырып
мына əрекеттерді орындау керек:
° жанарғыға тұтатылған сіріңкені немесе оттықты жақындатыңыз
° Тұтқаны ішке итеріп, сағат тіліне қарсы бағытта үлкенірек жалын
белгісіне қарай бұраңыз да, тұтанғаннан кейін 5 секунд басып
тұрыңыз.
Абайлаңыз: Кез келген жағдайда 5 секундтан кейін жанарғыда
от жанбаса, құрылғыны пайдалануды тоқтатып, жанарғыны əрі
қарай тұтатуға əрекет жасардан бұрын кемінде 1 минут күтіңіз.
ЖАЛПЫ КЕҢЕС
Нəтижелер барынша жақсы болуы үшін беті тегіс ыдыстарды
пайдаланыңыз. Бетінің өлшемі газ жанарғысы жағына
төмендегідей сəйкес келуі керек. А кестесі.
DC 4 кВт моно
16 - 26
4,00
381 л/сағ
291 г/сағ
16 KZ
SR
12 - 22
Жартылай жылдам
1,5 143 л/сағ 109 г/сағ

Bekijk gratis de handleiding van Candy CVFG6BF4PB, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.

Productinformatie

MerkCandy
ModelCVFG6BF4PB
CategorieFornuis
TaalNederlands
Grootte6464 MB