Handleiding
Je bekijkt pagina 13 van 32

13 KZ
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Орнату жəне пайдалану нұсқаулығын бола- шақта жəне плитаны орнатарда қарау үшін сақтап
қойып, сатудан кейінгі қызмет көрсету бөлімінен көмек қажет болған жағдайға арнап оның
сериялық нөмірін жазып қойған жөн.
АБАЙЛАҢЫЗ: жабдық пен оның қол жететін бөлшектері пайдалану барысында ыстық болады.
Қыздырғыш элементтерді ұстамаңыз.
Үздіксіз бақыламаған жағдайда, 8 жасқа толмаған балаларды жабдыққа жолатпау керек.
АБАЙЛАҢЫЗ: пісіру жабдығының Өндірушісі əзірлеген немесе жабдықтың Өндірушісі пайдалану
нұсқаулығында құрылғыға орна- тылған плита қорғаныштарына жарамды деп көрсеткен плита
қорғаныштарын ғана пайда-ланыңыз. Қате қорғаныштарды пайдалану салдарынан оқыс оқиғалар
орын алуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ: маймен немесе өсімдік майымен плитада қараусыз пісіру қауіпті жəне өртке себеп
болуы мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндірмеңіз, оның орнына жабдықты өшіріп, жалынды қақпақпен немесе
өрт басқыш жамылғымен жабыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ: өрт шығу қаупі: пісіру беттерінің үстінде заттар сақтамаңыз.
ЕСКЕРТУ! Газбен пісіру жабдығын пайдалану нəтижесінде ол орнатылған бөлмеде жылу, ылғал
жəне жану өнімдері бөлініп шығады. Ас үйдің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз, əсіресе
жабдық пайдаланылып жатқан кезде. Жабдықты ұзақ уақыт бойы қарқынды пайдаланған кезде,
қосымша желдету, мысалы, бар болған жағдайда механикалық желдетуді арттыру, жану өнімдерін
сыртқа қауіпсіз шығара отырып қосымша желдету арқылы бөлмедегі ауаның ауысуын қамтамасыз
ету арқылы қосымша желдету қажет болуы мүмкін. Қосымша желдету жүйесін орнатар алдында
маманмен кеңесіңіз.
ЕСКЕРТУ! Бұл жабдық тек тамақ пісіруге арналған. Оны басқа мақсаттарда, мысалы, бөлмені
жылыту үшін пайдалануға болмайды.
ЕСКЕРТУ! Шыны беті сынған жағдайда:
- жанарғылар мен электр қыздырғыш элементтердің барлығын дереу өшіріп, жабдықты қуат
көзінен оқшаулаңыз
- жабдықтың бетіне қол тигізбеңіз
- жабдықты қолданбаңыз Бұл жабдықты 8 жастан асқан балаларға, қозғалу, сезу немесе ойлану
мүмкіндіктері шектелген адамдарға немесе осы құрылғыға қатысты тəжірибесі немесе білімі жоқ
адамдарға тек оларға ықтимал қауіп-қатерлер мен құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану туралы
нұсқау берілген жəне олар бақыланған жағдайда пайдалануға болады. Балалардың
жабдықпен ойнамауын қадағалау керек.
Тазалау жəне пайдаланушы орындайтын техникалық күтім жұмыстарын балалар бақылаусыз
орындамауы керек.
ЕСКЕРТУ: пісіру процесін қадағалау керек. Қысқа мерзімді пісіру процесін үздіксіз бақылау қажет.
Қатты күйіп қалу қатерлерін болдырмау үшін пісіру аймақтары пайдаланылып жатқан кезде
немесе олар өшкенімен, қалдық қызу индикаторы жанып тұрған кезде оларға балаларды
жолатпаған жөн. Бұл жабдық сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен
басқаруға арналмаған. Бар болса, плитадағы галогенді шам элементтеріне тік қарамаңыз. Ашаны
жапсырмада көрсетілген кернеуге, токқа жəне жүктемеге төтеп бере алатын жəне жерге
тұйықталған қуат кабеліне жалғаңыз.
Розетка жапсырмада көрсетілген жүктемеге сəйкес болуы жəне оның жерге тұйықталған əрі жұмыс
істейтін түйіспесі болуы керек. Жерге тұйықтайтын сымның түсі сары-жасыл болады. Бұл жұмысты
білікті кəсіпқой маман орындауы керек. Розетка мен жабдықтың ашасы үйлеспеген жағдайда,
білікті электршіден розетканы басқа қолайлы түрімен ауыстырып беруін сұраңыз. Аша мен розетка
орнатылатын елдің қолданыстағы нормаларына сəйкес болуы керек. Қуат көзіне құрылғы мен қуат
көзінің арасына максимум жалғанған жүктемені көтере алатын жəне қолданыстағы заңнамаға
сəйкес келетін көп полярлы ажыратқыш орнату арқылы да қосуға болады.
Сары-жасыл жерге тұйықтау кабеліне ажыратқыш кедергі келтірмеуі тиіс. Жабдық орнатылған кезде,
жалғау пайдаланылған розетка немесе көп полярлы ажыратқышқа оңай қол жететін болуы тиіс.
Ашаны қол жететін жерге орнату немесе сым жүргізу ережелеріне сəйкес бекітілген сым желісіне
ажыратқыш орнату арқылы ажыратуға болады. Егер қуат сымы зақымданса, барлық қауіп-
қатерлердің алдын алу үшін оны Өндіруші, оның қызмет көрсетуші өкілі немесе сол сияқты білікті
мамандар ауыстыруы керек. Жерге тұйықтайтын сым (сары-жасыл) терминал блогының жағында
Bekijk gratis de handleiding van Candy CVFG6BF4PB, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.
Productinformatie
Merk | Candy |
Model | CVFG6BF4PB |
Categorie | Fornuis |
Taal | Nederlands |
Grootte | 6464 MB |