Bosch GRC 12V-60 1/2 SN Professional handleiding

163 pagina's
PDF beschikbaar

Handleiding

Je bekijkt pagina 98 van 163
98 | Қазақ
Қызмет көрсету
u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
u Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан
пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші
немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы
арқылы орындалуы мүмкін.
Тарсылдақты бұрауышқа арналған қауіпсіздік
нұсқаулары
u Бекіткіш жасырын сымдарға тиюі мүмкін
әрекеттерді жасаған кезде электр құрылғы
оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер бекіткіш
істеп тұрған сымға тисе электр құралының метал
бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін.
u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
алып келуі мүмкін.
u Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап
бекіту және бұрап босату кезінде қысқаша жоғары
мезеттер пайда болуы мүмкін.
u Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
u Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
u Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа
тұйықталу қаупі бар.
u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
u Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін
пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті,
артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
u Алмалы-салмалы аспаптар жұмыс істегенде қызып
кетуі мүмкін! Алмалы-салмалы аспапты алмастған
кезде, күю қаупі туындайды. Алмалы-салмалы
аспапты шығарып алу үшін қорғаныш қолғапты
пайдаланыңыз.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы берілген өлшем аймағында бұрандаларды
бұрап кіргізу немесе шығаруға және сомындарды бұрап
бекіту немесе босатуға арналған.
Тарсылдағы бар бұрауышты әрең бұралатын
бұрандаларды тарту немесе қатайту үшін қолмен де
пайдалануға болады, ол үшін ажыратқышты жіберіп,
айналу моментін қолмен орнату керек.
Нұсқау: қолмен орнатылған шамадан артық айналу
моменті құрал корпусына немесе механизмге зақым
келтіруі мүмкін.
Көрсетілген құрамдастар
Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері
графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне
қатысты болып келеді.
(1)
Құрал бекіткіші
(2)
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш
(3)
Тұтқа (беті оқшауланған)
(4)
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
(5)
Аккумулятор
(6)
Аккумуляторды босату түймесі
(7)
Ажыратқыш
(8)
Іске қосылудан қорғайтын құлып
(9)
Жұмыс шамы (жарық диоды)
(10)
Алмалы-салмалы аспап
Техникалық мәліметтер
Тарсылдағы бар аккумуляторлық
бұрауыш
GRC 12V-60 1/2 SN GRC 12V-60 3/8 SN
Өнім нөмірі
3601JN85.. 3601JN83..
1 609 92A C5Y | (08.05.2025) Bosch Power Tools

Bekijk gratis de handleiding van Bosch GRC 12V-60 1/2 SN Professional, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.

Productinformatie

MerkBosch
ModelGRC 12V-60 1/2 SN Professional
CategorieNiet gecategoriseerd
TaalNederlands
Grootte22442 MB