Bosch GGC 18V-12 Professional handleiding

267 pagina's
PDF beschikbaar

Handleiding

Je bekijkt pagina 156 van 267
156 | Қазақ
дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан
сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін.
u Зақымдалған немесе өзгертілген батарея
жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе
өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе
жарақаттуға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге
алып келуі мүмкін.
u Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе
қатты температураға салдырмаңыз. 130°C жоғары
температураларда жарылыс болуы мүмкін.
u Барлық зарядтау нұсқауларын орындап батарея
жинағын нұсқауларда белгіленген температура
ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс
емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс
температурада зарядтау батареяны зақымдап өрт
қауіпін жоғарылатуы мүмкін.
Қызмет көрсету
u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
u Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан
пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші
немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы
арқылы орындалуы мүмкін.
Бұрандалы өзек кескішіне арналған
қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
Қорғаныш көзілдірік тағыңыз. Осылайша
көзіңізді шашырайтын материал
бөліктерінен қорғайсыз.
Қолыңызды бұранда кескіш бастиектен
және жылжымалы бөлшектерден алшақ
ұстаңыз. Саусағыңыз кескіш механизміне
түсіп, ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
u Бетіңізді кескіш механизмнен алшақ ұстаңыз. Кесу
кезінде бұрандалы өзектің сынықтары лақтырылып
кетуі және жарақат тигізуі мүмкін.
u Кернес астында тұрған материалды өңдемеңіз
және электр құралын оқшауланған тұтқа
беттерінен ұстаңыз. Кернеу астында тұрған
материалмен жанасу нәтижесінде металл құрылғы
бөлшектері кернеу астына түсіп, бұл ток соғуға әкелуі
мүмкін.
u Бұрандалы өзектерді өңдеу кезінде қолғап киіңіз.
Дайындаманың жиектері мен жоңқасы өткір және
өңделгеннен кейін әлі қызып тұруы мүмкін.
u Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
u Ұзын немесе үлкен бұрандалы өзектерді қауіпсіз
өңдеу үшін электр құралын тіреуіш беттердің
көмегімен көлденең бетке орналастыруға болады.
Оны қысқышқа қысып қоюға немесе верстакқа
бекітуге рұқсат етілмейді.
u Электр құралын дайындаманың жоңқасына
қоймаңыз. Электр құралы зақымдалуы және бұзылуы
мүмкін.
u Әрдайым, әсіресе биік жерде жұмыс істегенде
тұрақтылық сақтаңыз. Кесілген бұрандалы өзектің
құлауына жол бермеу үшін бұрандалы өзекті кесу
кезінде және кескеннен кейін мықтап ұстап
тұрыңыз. Кесілген бұрандалы өзек ауыр жарақат
тигізуі мүмкін.
u Биік жерде жұмыс істеген жағдайда электр
құралын құлаудан қорғайтын құралдармен берік
бекітіп, жұмыс аймағының астында адамдардың
жоқтығына көз жеткізіңіз. Бас үстінен
орындалатын жұмыстар үшін бас қорғанысын киіп
жүріңіз. Осылайша электр құралы кенет құлаған
жағдайда, мүлікке залал келтірудің және адамдарға
жарақат тигізудің алдын алуға болады.
u Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
u Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа
тұйықталу қаупі бар.
u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
u Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін
пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті,
артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы бұрандалы өзектерді кесуге арналған.
1 609 92A A3L | (17.03.2025) Bosch Power Tools

Bekijk gratis de handleiding van Bosch GGC 18V-12 Professional, stel vragen en lees de antwoorden op veelvoorkomende problemen, of gebruik onze assistent om sneller informatie in de handleiding te vinden of uitleg te krijgen over specifieke functies.

Productinformatie

MerkBosch
ModelGGC 18V-12 Professional
CategorieNiet gecategoriseerd
TaalNederlands
Grootte38340 MB